Алматыда контрафакт алкоголь өнімі анықталды — таңбалаудың түпнұсқалығын e-Sapa арқылы тексеруге болады.

Алматыда контрафакт алкоголь өнімі анықталды — таңбалаудың түпнұсқалығын e-Sapa арқылы тексеруге болады.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тексеру іс-шараларын, атап айтқанда, Қытай Халық Республикасынан келген көлік құралын кедендік тексеру барысында есепке алу-бақылау маркалары жоқ 1884 бөтелке контрафактілік алкоголь өнімінің заңсыз айналымын анықтап, жолын кесті.

Жоғарыда аталған фактілер бойынша Алматы қаласының сот органдарына процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдарды беру жұмыстары жүргізілуде.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарды шығу тегі күмәнді темекі өнімдерін сатып алу кезінде сақ болуға шақырады, себебі контрафактілік өнімдер тұтынушылардың денсаулығы мен өміріне елеулі қауіп төндіреді. Көлеңкелі нарықты азайту және азаматтардыңденсаулығын қорғау тек бірлескен жұмысарқасында мүмкін болады.

Алкоголь өнімдеріне жапсырылған есепке алу-бақылау маркаларының түпнұсқалығын «e-Sapa» мобильдік қосымшасы арқылы тексеруге болады. Алматы қаласының тұрғындары акцизделетін өнімдердің заңсыз сатылу фактілері туралы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне Бөгенбай батыр көшесі, 132 мекенжайы бойынша немесе 8 727 270 07 83 телефоны арқылы хабарлай алады.

TSARKA қолдауымен