Астанада 20-дан астам елден 1500 делегат визионерлік CONNECTED конференциясына қатысады

Астанада 20-дан астам елден 1500 делегат визионерлік CONNECTED конференциясына қатысады

2024 жылғы 18-19 қазанда Қазақстан астанасында «CONNECTED-2024: Болашақ бейнесін түсіну» халықаралық конференциясы өтеді.

Екі күн ішінде конференцияға әлемнің 20-дан астам елінен шамамен 1500 делегат қатысады деп күтілуде.

Конференцияның миссиясы – болашақ бейнесін дүниетанымдық, құндылыққа бағытталған тәсіл арқылы ой елегінен өткізу. Бүгінгі таңда адамзат үшін адамзаттық құндылықтар, инновациялар, ынтымақтастық және келешек ұрпақты оқыту мәселелерінің маңыздылығын түсіну өте қажет.

«Құндылықтар – бұл өткен емес, қазіргі және болашақ. Құндылықтар бөлмейді, біріктіреді және өзара әрекеттестікті тудырады. Білім мен инновация арқылы біз әлемге және онымен өзара әрекеттестікке көзқарасымызды өзгертеміз, демек, болашақты өзгертеміз. Біздің конференцияның философиясы осындай», - деп атап өтті CONNECTED конференциясының бас продюсері, GreenTech және ClimateTech салаларындағы кәсіпкер Руслан Жемков.

Конференцияға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысады.

Іс-шара бағдарламасында Нобель сыйлығының лауреаттары, ғалымдар, қоғам және мемлекет қайраткерлері, жазушылар, жетекші әлемдік EdTech компанияларының негізін қалаушылар мен өкілдері спикер ретінде қатысады.

Олардың қатарында келесі халықаралық сарапшылар бар:

  • Рэ Чвон Чун, жасыл экономика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты, Ban Ki-moon Foundation for a Better Future қорының директоры (Оңтүстік Корея).
  • Марк Миневич, бестселлер авторы, жасанды интеллект саласындағы сарапшы, стратег (АҚШ).
  • Юнес Бенсоуда, Стэнфорд университетінің жасанды интеллект бойынша оқытушысы және AI пайдалану арқылы білім беруді қолдаушы (АҚШ).
  • Герд Леонгард, футуролог, гуманист, жазушы, Good Future жобасының негізін қалаушы (Швейцария).
  • Кристина фон Месслинг, Future Today Institute Еуропалық бюросының басшысы, футуролог (АҚШ).
  • Йонг Чжао, Канзас университетінің профессоры, білім беру жүйесін реформалау бойынша сарапшы, әлемдегі ең ықпалды ғалымдардың бірі (АҚШ).
  • Питер Франкопан, тарихшы, жазушы, Оксфорд университетінің профессоры, «Жібек жолы. Жаңа дүниежүзілік тарих» бестселлерінің авторы (Ұлыбритания).
  • Моника Билските, футуролог, спекулятивті дизайнер, Disney және Marvel компанияларының «Қара Пантера» фильміндегі Ваканда әлемін құру мәселелері бойынша кеңесшісі (ОАР).
  • Таня Шиндлер, Футурологтар қауымдастығының президенті, Еуропалық комиссияның форсайт-кеңесшісі (Германия).
  • Пэгги Лю, «Қытайдың жасыл құдайы», жасыл даму адвокаты, Tornado Leadership басшысы (Қытай).
  • Бронвин Уильямс, футуролог, трендтерді талдаушы, экономист, UNDP Futures Fellow (ОАР).
  • Николя Фуко, Coursera компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка елдері бойынша басқарушы директоры (Ұлыбритания).
  • Бен Нельсон, Minerva University президенті (АҚШ).

Конференция бағдарламасы үш негізгі тақырыптық бағытты қамтиды:

  1. Болашақты түсіну – болашақтың жаңа формасы мен картасын жасау.
  2. Болашақтағы білім және ғылым – болашаққа қажетті білімге арналған трек.
  3. EdTech және импакт-кәсіпкерлік – жаңа әлемдегі білімнің маңыздылығы мен әсері.

CONNECTED-2024 конференциясы әлеуметтік прогреске үлес қосуға және өздерінің білімдерімен, энергиясымен бөлісуге дайын жаһандық өзгерістер агенттерін жинауды көздейді.

Өткізілетін орны: EXPO Конгресс-орталығы.


Ресми сайт: www.connected.kz.
БАҚ-пен байланыс:
+7 702 888 3138
+7 778 577 3866
+7 701 216 88 62
E-mail: media@connected.kz

TSARKA қолдауымен