Астанада «C5+Жапония» бірінші бизнес форумы өтті

Астанада «C5+Жапония» бірінші бизнес форумы өтті

Астанада 100-ден астам жетекші жапондық компаниялар мен ұйымдардың өкілдерін біріктіретін «C5+Жапония» бірінші бизнес форумы өтті. Жиын барысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен жапондық Challenge and Lead компаниясы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Бұл құжат екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттырып қана қоймай, қазақстандық IT-мамандарының Жапонияда білім алуына жол ашады.

 Айта кетейік, жапониялық компания  Оңтүстік Корея, Өзбекстан және Моңғолия сияқты елдердің IT мамандарын оқытуға және жұмысқа орналастыруға белсенді атсалысып келеді. Мамандардың айтуынша, Меморандум қазақстандық мамандарға жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың біліктілігін арттыруға және халықаралық жобаларда қолдануға мүмкіндік береді.

“Форумда жасанды интеллект технологияларын енгізу, дата орталықтарын салу және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы салалардағы ынтымақтастық Орталық Азия елдеріне де, Жапонияға да айтарлықтай пайда әкеліп, өзара тиімді серіктестіктің жаңа перспективаларын аша алады” – делінген ақпаратта.

 TSARKA қолдауымен