Астанада PRO.NRG Fest 2024 “Tabigat & Science” ғылыми отбасылық фестивалі өтті
21 қыркүйекте елордада отбасыға арналған ең ірі ғылыми-танымдық фестиваль — PRO.NRG FEST 2024 “Tabigat & Science” өтті. Жаңа оқу жылының басты білім беру оқиғасына 7 мыңнан астам адам қатысты.
Бұл — ғылым, өнер және технологиялар саласындағы үшінші фестиваль. Ол Астанадағы ең үздік орындардың бірі — EXPO Astana Халықаралық қаржы орталығында (AIFC) өтті. Іс-шараға сабақтарында STEAM арқылы шығармашылық пен зерттеу кеңістігін қалыптастыратын жаңашыл мұғалімдер, Қазақстанның әр қаласынан келген ғалымдар және әлемдік сарапшылар жиналды. Ал дәрістердің, қойылымдардың, перфоманс пен жарқын музыкалық шоулардың басты көрермендері дәстүр бойынша балалар мен олардың ата-аналары болды.
PRO.NRG FEST 2024 “Tabigat & Science” фестивалінде ғалымдар мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарына күрделі нәрселерді қарапайым тілмен түсіндірді, ал мұғалімдер сабақтарды жарқын, қызықты және тартымды етудің жолдарымен бөлісті.
PRO.NRG FEST фестивалін STEAM білімін Қазақстанда дамыту бағытында жұмыс істейтін «Caravan of Knowledge» корпоративтік қоры «Шеврон» компаниясымен бірлесе отырып ұйымдастырды.
Фестивальдің стратегиялық серіктесі — Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитетінің төрағасы Каныбек Жұмашев:
PRO.NRG FEST 2024 “Tabigat & Science” фестивалінде әрбір қонақ ғалымдармен және зерттеушілермен сөйлесіп, оларға жеке сұрақтар қоя алды, ал балалар көптеген тәжірибелік алаңдарда биолог, физик, химик, эколог, археолог, тіпті ғарышкер мамандығына ене алды. Фестиваль балалар мен ересектерге ғылымды жаңа қызықты қырынан тануға көмектескен ұмытылмас тәжірибе ұсынды.
Қонақтардың ерекше назарын YEMAA заманауи мәдениет орталығының «FLUID FUTURES» немесе «Үлкен сулар мен үлкен деректерге терең бойлау» атты таңғажайып көрмесі аударды. Бұл жобаның жас суретшілері биодизайнды, 3D басып шығаруды және жасанды интеллектті пайдаланып, жас көрермендер мен олардың ата-аналарымен бірге табиғат пен технологиялардың өзара әрекеттестігі призмасы арқылы болашақты зерттеп, суды ағындылықтың, ресурстар мен жадының тасымалдаушысының символы ретінде қолданды.
Биыл қонақтар сүйікті «химия мұғалімі» Ұлан Үсеновпен қайта кездесу мүмкіндігіне ие болды. Оның химия тақырыбындағы рэп орындағанын әлі естімегендер бар ма?
PRO.NRG fest жыл сайын жаңа жұлдыздарды жағады. Биылғы фестивальде оқушылар арасында танымал ойындарды, жасанды интеллектті, мемдерді, аниме, фильмдер мен мультфильмдерді өз жұмысында қолданатын мұғалімдер шоқжұлдызы болды.
Қазіргі балаларға қазақ тіліне деген сүйіспеншілікті қалай ояту керектігін «Естелік» жобасының шығармашылық тобы — Aidhn мен Нұрсұлтан Зиядаев көрсетті. Жас жігіттер қазақ халық әндерінің адамның миына оң әсер ететінін айтты. Олар тек айтып қана қоймай, заманауи музыкалық техникалық трендтерді пайдаланып, ән орындады.
Ақтөбеден келген физика пәнінің мұғалімі Хайдар Мырзахметов, ол «TikTok 2023 мұғалімі» атанған, қазақстандық топтың әнін қайта орындап, Исаак Ньютон мен оның заңдарына, Теслаға және Архимед заңына арналған музыкалық бейнеролик түсірді және оқушыларға физиканың қызықты ғылым екенін көрсетті.
Фестивальге шетелдік екі спикер де өздерінің керемет шоу-бағдарламаларымен келді. Олар Польшадағы археолог, ғылымды насихаттаушы, педагог, жаттықтырушы және фермер Павел Яковский (Paweł Jaskólski), сондай-ақ Чехиядан STEM білім беру бойынша кітаптардың авторы, Масарик университетінде ғылыми лагерьлер мен практикумдарды ұйымдастырушы Иржи Влах (Jiří Vlach). Иржи сондай-ақ журналистер мен блогерлер үшін ашық сабақ өткізді.
Фестиваль туралы толығырақ сайттан және Instagram мен Facebook парақшаларынан білуге болады.