Астанадағы британдық ЖОО-ға қалай түсуге болады: Cardiff University талапкерлермен кездесу өткізуде

Астанада Кардифф университетінің кампусын ашу туралы бұған дейін жарияланған бастама нақты іске асу кезеңіне енді. Ұлыбританияның ең үздік 24 жоғары оқу орнын біріктіретін беделді Russell Group ұйымының мүшесі болып табылатын Кардифф университеті Қазақстанда білім беру бағдарламаларын іске қосу үшін белсенді дайындық жүргізіп жатыр. Бұл бастама университеттің халықаралық деңгейде дамуы жолындағы маңызды қадам және оның Орталық Азияда әлемдік деңгейдегі білім беруді қамтамасыз етуге деген ұмтылысын дәлелдейді.
2025 жылғы 25 мамырда Астанада Кардифф университетінің жаңа ғимаратында екінші Ашық есік күні өтеді. Мекенжайы Сығанақ көшесі, 38/1. Сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін қонақтар кампустағы оқу үдерісімен танысып, университет қызметкерлеріне сұрақтарын қойып, 2025 жылдың қыркүйегіндегі қабылдау туралы, соның ішінде бағдарламалар мен гранттар жайында толық ақпарат ала алады. Сонымен қатар, студенттік жатақхананы аралап көруге мүмкіндік болады.

Ұлыбританиядағы жетекші зерттеу университеттерінің бірі ретінде Кардифф университеті Астанадағы жаңа кампусына 140 жылдан астам академиялық тәжірибе, инновациялық ғылыми зерттеулер мен әлеуметтік әсерін алып келеді
Астанадағы кампус коммерциялық емес ұйым болып табылатын Qualified Centre of Education (QCEF) Қоғамдық қорымен бірлесіп, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен дамып келе жатыр.
Үкімет білімнің қолжетімді болуына жағдай жасап, кампус жұмыс істей бастаған алғашқы үш жылда 500-ге дейін толық қаржыландырылатын грант ұсынуды жоспарлап отыр.
Бұл маңызды бастама Қазақстанның дарынды жастарына елордада халықаралық деңгейдегі сапалы білім алу мүмкіндігін ұсына отырып, адами капиталды дамытуға елеулі үлес қосады.
STEM бағыттары (ғылым, технология, инженерия және математика) мен бизнес саласы бойынша алғашқы дайындық (Foundation) бағдарламалары 2025 жылы қыркүйек айында басталады.
Foundation кезеңі аяқталғаннан кейін, 2026 жылы қабылданатын бакалавриат бағдарламалары келесі бағыттар бойынша қолжетімді болады: Компьютерлік ғылымдар (BSc), Құрылыс инженериясы (BEng), Геология (BSc), Бизнес басқару (BSc)
Қабылдау талаптары мен оқу ақысы туралы ақпаратты қазірдің өзінде www.cardiff.ac.uk/kazakhstan сайтынан табуға болады. Сонымен қатар, жақын арада оқуға арналған қолжетімді гранттар саны жарияланады.
Студенттер Кардифф университетінің мұғалімдерімен танысып, ғылыми-зерттеу тәжірибесіне қол жеткізе алады. Жаңа салалар мен жаһандық еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. Кампус толық жұмыс істей бастағаннан кейін, жыл сайын 2500-ден астам студентті оқытуға қабілетті болады. Бұл аймақтың кадрлық әлеуетін нығайтуға және экономикалық дамуына қолдау көрсетуге елеулі үлес қосады.
Оқиғаға пікір білдіре отырып, Кардифф университетінің президенті және вице-канцлері, профессор Венди Ларнер (Wendy Larner) былай деді:
«Кардифф университетінің Қазақстанда кампус аша алатын мүмкіндіктеріне қуаныштымыз. Қазақстан үкіметімен, инвесторлармен және басқа да мүдделі тараптармен жүргізілген кең ауқымды талқылаулар бұл бастаманың шын мәнінде екі жаққа да тиімді болатынын көрсетті».
Өз кезегінде, "Qualified Centre of Education" (QCEF) Қоғамдық қорының директоры Қуаныш Күшекбаев жобаның стратегиялық маңыздылығын атап өтті:
«Кардифф университетінің Астанадағы филиалының ашылуы – жоғары білікті мамандарды даярлауға тікелей әсер ететін, оларды жаһандық сын-қатерлерді шешуге және өңір мен ел экономикасының тұрақты дамуына ықпал ететін стратегиялық маңызды жоба».
Қарқынды дамып келе жатқан экономикасымен бірге Қазақстанның жоғары білім беру саласы негізгі орталыққа айналуда.
Үкіметтің білім беру жүйесін интернационалдандыру бағыты Кардифф университетінің миссиясымен — жаһандық ынтымақтастықты дамыту және жоғары сапалы білім беру мүмкіндіктерін ұсынумен — үйлеседі.
Қазақстандағы Кардифф университеті үкіметтің түрлі білім беру мүмкіндіктеріне қолжетімділікті кеңейту жөніндегі стратегиясын іске асыруға елеулі үлес қосады.
Университет кампусы инновациялар, ғылыми зерттеулер және Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін маңызды білім беру жобасына айналады.