Атырауда Samsung Innovation Campus тегін бағдарламалау мектебі ашылды

Атырауда Samsung Innovation Campus тегін бағдарламалау мектебі ашылды

Samsung Electronics Атырауда тегін бағдарламалау курстарын бастады. Арнайы жабдықталған IT-кампус Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің аумағында ашылды. Жоба Samsung Innovation Campus білім беру бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

IT кампусының қабырғасында 13 пен 25 жас аралығындағы атыраулық оқушылар мен студенттер Python және Big Data бағдарламалау тілінің негіздерін меңгере алады. Студенттер ыңғайлы оқу үшін барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі, оларға біліктілігі жоғары оқытушылар көмектеседі. Samsung Innovation Campus курстарынан басқа Атырау университетінің студенттері үшін аудиторияда сабақтар өтеді. Олар сондай-ақ құралдарды және басқа цифрлық мүмкіндіктерді еркін пайдалана алады.

Айтпақшы, Samsung Innovation Campus-те жаңа оқу жылы 16 қыркүйекте басталады. Осыған байланысты Атырауда Python және Big Data негіздері пәні бойынша оқуға қабылдау жүріп жатыр. Сабақтар аптасына екі рет өтеді және орташа есеппен 4,5 айға созылады. Курсты аяқтаған соң түлектер Samsung Electronics компаниясынан сертификаттар мен фирмалық рюкзактар алады, ерекше көзге түскендерге смартфондар бұйрады.

Samsung Innovation Campus жобасының басты мақсаты – балаларға ақпараттық технологиялар саласында тегін, сапалы білім алу мүмкіндігін беру. Қазақстанда бұл жоба 2017 жылдың желтоқсанында іске қосылды. Осы уақыт аралығында мыңдаған оқушылар мен студенттер білім алды, 700-ден астамы курстарды толық меңгеріп, сертификатқа ие болды. Бүгінде жобаның Алматы, Астана, Ақтөбе, Қостанай, Талдықорған, Атырау қалаларында кампустары бар. Қазақстанда Samsung Innovation Campus «Аяла» қайырымдылық қорының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Samsung Innovation Campus – Samsung Electronics компаниясының халықаралық әлеуметтік және білім беру бағдарламасы, оның арқасында мектеп оқушылары мен студенттері ең танымал IT мамандықтарын тегін меңгеру мүмкіндігіне ие. Соңғы 10 жылда бұл бағдарлама әлем бойынша 100 мың студентті оқытып үлгерді. Жоба қазір әлемнің 30-дан астам елінде жүзеге асырылуда.

TSARKA қолдауымен