Aurora Tech Award 2025: Қазақстандық төрт кәсіпкер әйелі әлем үздіктерінің қатарына кірді

Aurora Tech Award 2025: Қазақстандық төрт кәсіпкер әйелі әлем үздіктерінің қатарына кірді

2025 жылы Aurora Tech Award сыйлығын ұйымдастырған inDrive компаниясы дамушы нарықтардағы әйелдер негізін қалаған стартаптардың жаһандық тізімін жариялады. Бұл тізімге әлемнің түкпір-түкпірінен батыл әрі өр мінезді 120 кәсіпкер әйел кірді, оның ішінде Қазақстаннан төрт кәсіпкер әйел бар.

Қазақстаннан жеңіске үміткер ретінде келесі кәсіпкерлер іріктелді:

Маржан Қабдуахитова, Ratio платформасының негізін қалаушы. Ол клиникалар мен жеке пайдаланушыларға терінің жағдайын талдау, емдеу бойынша ұсыныстар беру және нәтижелерді бақылауға арналған заманауи AI шешімдерін ұсынады.

• Алуа Шарышева, Қазақстаннан шыққан 15 жасар оқушы. Ол шетелдік білім беру бағдарламаларына түсуге көмектесетін Jolym қосымшасын әзірледі.

Әлия Сабитова, ерекше қажеттіліктері бар адамдар мен қарттарға күтім көрсету мамандарын іріктеуге арналған InCare KZ маркетплейсінің негізін қалаушы.

Мақпал Икрамова, Inventivo жобасымен танымал. Бұл жоба компьютерлік көру технологиясын пайдалана отырып, буын қозғалыстарын мобильді құрылғы немесе компьютер камерасы арқылы бақылайды. Бұл әдіс буын денсаулығын жақсартуға арналған сенсорлық бақылау мен кері байланысты қамтамасыз етеді және оны кез келген жерде қолжетімді әрі ыңғайлы етеді.

Биыл сыйлыққа 116 елден рекорд 2 018 өтінім қабылданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Нигерия, Бразилия және АҚШ ең көп қатысушы елдер қатарына кірді. Одан кейін Египет, Колумбия, Кения, Ұлыбритания, Үндістан және Қазақстан орын алды.

HealthTech финалистер арасында басты бағытқа айналды — таңдалған 120 жобаның 30-ы цифрлық денсаулық сақтау саласында жұмыс істейді. Қазақстандық стартаптар Ratio мен Inventivo осы ғаламдық медициналық технологиялар трендін көрсетеді.

2024 жылы ұйымдастырушылар сыйақы қорын айтарлықтай арттырып, $85 000-ға жеткізді. Биыл бес қатысушы марапатталады: бірінші орын үшін $30 000, екінші орын үшін $20 000, үшінші орынға $15 000, ал төртінші және бесінші орындар үшін $10 000-дан беріледі.

Aurora Tech Awards жетекшісі Изабелла Гассеми-Смит: «Aurora Top 120 — біздің үш айлық ашық өтінім қабылдау нәтижесінде құрылған алғашқы тізіміміз. Ол 2000-нан астам стартап негізін қалаушы әйелдердің өтінімдерін қамтыды. Мұқият іріктеу нәтижесінде біз дамушы нарықтарда батыл әрі жаңашыл бизнес құрып жатқан 120 ерекше әйел кәсіпкерді анықтадық. Бұл әйелдер өз салалары мен елдерінің болашағын қалыптастыруға дайын», – деп пікір білдірді.

Сыйлық қолдау аясын да кеңейтті: Aurora Tech Award серіктес венчурлық қорларының саны 23-тен 35-ке өсті, оның ішінде Египет, Бразилия және Пәкістан елдерінен жаңа серіктестер қосылды. Финалистерге менторлық қолдау, инвестиция тарту бойынша кеңестер, питч-дек дайындауға көмек және халықаралық инвесторлармен нетворкинг мүмкіндіктері ұсынылады.

Aurora Tech Award батыл әрі өр мінезді әйел кәсіпкерлерді танытумен қатар, оларға жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік береді. Сыйлық сараптамалық білім, ресурстар мен бизнес масштабын кеңейтуге арналған маңызды мүмкіндіктерді ұсынады. Финалистердің тізімі 2025 жылдың ақпан айында жарияланады, ал жеңімпаздар 2025 жылғы жаһандық рәсімде марапатталады. Айта кетейік, өткен жылы бұл шара Алматыда өткен.

 Әйелдердің 120 үздік стартаптарының тізімін мына сілтемеден көре аласыз.

TSARKA қолдауымен