Beeline Қазақстан OLX Қазақстанды 75 миллион долларға сатып алды

Beeline Қазақстан OLX Қазақстанды 75 миллион долларға сатып алды

Халықаралық цифрлық оператор VEON Ltd. (Nasdaq: VEON) және OLX Group компаниялары Beeline Қазақстан (VEON-ның қазақстандық еншілес компаниясы) OLX Group-тен OLX Қазақстан бизнесінің 100% сатып алатыны туралы келісімге қол қойғандарын хабарлады.

Мәміле құны — 75 миллион доллар.

VEON Group бас директоры Каан Терзиоглу атап өтті:
«Beeline Қазақстан жеке және корпоративтік клиенттер үшін цифрлық инновациялар саласында көшбасшы. OLX KZ компаниясын сатып алу — клиенттерге арналған цифрлық оператордың ұсынысын кеңейтуге зор мүмкіндік. OLX KZ командасын VEON отбасының құрамында қарсы алуға қуаныштымын және бұл бағыт топтың цифрлық оператор стратегиясын жүзеге асыруда жаңа мүмкіндіктер ашады деп сенемін».

Beeline Қазақстан бас директоры Евгений Настрадин өз сөзінде елдегі ең ірі онлайн-хабарландыру алаңының Beeline цифрлық сервистер экожүйесіне бірігуі үлкен синергиялық әлеует тудыратынын айтты. Оның пікірінше, OLX KZ-тің қосылуы компанияға цифрлық шешімдер спектрін кеңейтіп, біріктіруге және нарықтағы ең танымал платформалардың бірі арқылы жаңа пайдаланушыларды тартуға мүмкіндік береді.

OLX Group бас директоры Кристиан Гизи өз кезегінде:

«Біз Қазақстандағы командамыздың OLX Қазақстан сияқты сенімді әрі ауқымды маркетплейсті жасап, күн сайын миллиондаған қазақстандыққа қызмет көрсетіп отырғанына мақтанамыз. Бұл мәміле біздің негізгі категориялар мен басым нарықтарға шоғырлану стратегиямызға сай келеді. Біз OLX KZ платформасын жергілікті нарықты жақсы білетін және қуатты цифрлық экожүйесі бар иелікке тапсырып отырмыз. Командамызға үздік еңбегі үшін алғыс білдіреміз және Beeline Қазақстан платформаның жаңа даму кезеңін қамтамасыз етеді деп сенеміз».

TSARKA қолдауымен