BEKSAR тауарларды есепке алатын POS-құрылғысын іске қосты
Қазақстандық BEKSAR стартабы тауарларды есепке алатын жеке POS-құрылғысын іске қосқанын мәлімдеді. Бұл шағын және орта бизнеске қаржылық жүктемені азайтады әрі дүкендердің күнделікті жұмысын жеңілдетеді.
BEKSAR бас директоры Мақсат Бектібаевтың айтуынша, мұндай модель әзірге ТМД бойынша біздің елде ғана бар. Айта кетейік, POS-құрылғы көмегімен кәсіпкерлер қымбат жабдыққа қаражат жұмсамай, өз бизнесін дамыта алады.
BEKSAR – бөлшек саудада бизнесті автоматтандыру және басқару үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлейтін қазақстандық стартап. Ол 2021 жылы құрылды. Жоба кәсіпкерлерге сатылым мен қорды тиімді басқаруға көмектесіп, Қазақстан бойынша 3000-нан астам сауда нүктесіне қызмет көрсетіп келеді.
Жыл басында стартап 4,8 миллион долларға бағаланып, 305 мың доллар инвестиция тартты. Қазір BEKSAR Astana Hub және Google for Startups-тың Silkway Accelerator бағдарламасында акселерациядан өтуде, сондай-ақ Glovo Startup Competition аясында 10 мың еуро мен Барселонаға жолдама ұтып алды.
TSARKA қолдауымен