Bereke Bank киберқауіпсіздікті күшейту үшін TSARKA-ның Tumar.One платформасында Bug Bounty бағдарламасын іске қосты.

Bereke Bank TSARKA компаниясының Tumar.One платформасында Bug Bounty ашық бағдарламасын ресми түрде іске қосты. Бұл қадам банктің цифрлық инфрақұрылымын тәуелсіз халықаралық хакерлер қауымдастығына ашып, оның қауіпсіздігін жан-жақты тексеруге мүмкіндік береді.
Bereke Bank бұған дейін осындай тәсілді жеке форматта сынап көрген, осал жерлерін тек сенімді мамандар арқылы анықтаған болатын. Енді бағдарлама кәсіби қауіпсіздік зерттеушілерінің кең ауқымына қолжетімді болды, бұл өз кезегінде банктің киберқауіпсіздік саласында ашық әрі жетілген саясат ұстанатынын дәлелдейді.
«Цифрлық сенім – бұл үздіксіз деректерді қорғау, ашықтық және тәуелсіз бақылаудың нәтижесі. Bereke Bank үшін киберқауіпсіздік IT-инфрақұрылымның элементі ғана емес, стратегияның негізгі бағыты болып табылады. Bug Bounty бағдарламасының іске қосылуы — клиенттеріміздің цифрлық қауіпсіздігіне бағытталған маңызды қадам», — деді «Bereke Bank» АҚ-ның (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) цифрлық өнімдерді дамыту және әзірлеу жөніндегі атқарушы директоры Гүлмира Акинбашина.
Bug Bounty бағдарламасы банк экожүйесінің барлық сыртқы цифрлық активтерін, соның ішінде Bereke Bank пен Bereke Business онлайн қызметтерін қамтиды.
TSARKA GROUP компаниясы әзірлеген Tumar.One — бұл этикалық нормаларға сәйкес жұмыс істейтін халықаралық қауіпсіздік зерттеушілерінің қауымдастығын біріктіретін кәсіби платформа.
«Ақпараттық қауіпсіздік – бұл жасырындық емес, бұл жетілгендік туралы. Жетілгендік – үнемі өз жүйеңді сынап, қауіптерді әртүрлі қырынан қарауға дайын болу. Қауіпсіздік — біржолғы мақсат емес, тұрақты назар мен диалогты талап ететін үдеріс. Мықты компаниялар осыны түсініп, ашықтықты дамудың негізгі жолы ретінде таңдайды», - дейді өз сөзінде TSARKA Президенті Олжас Сатиев.
Қазіргі таңда көптеген компаниялар қауіпсіздікке ашық қарап, жетілгендігін көрсетуде. Бұл әсіресе клиент деректерімен жұмыс істейтін ұйымдар үшін аса маңызды, өйткені ақпаратты қорғау енді IT-бөлімнің ғана міндеті емес, компания стратегиясының маңызды құрамдас бөлігі болып отыр. Bereke Bank киберқауіпсіздікті стратегиялық басымдық ретінде қабылдап, оның дамуының негізгі бағыты деп есептейді.
«Bereke Bank» АҚ-ның (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ) — Қазақстанның ең ірі банктерінің бірі, активтер мен несиепортфелінің көлемі бойынша тұрақты түрде 10 ҮЗДІК ЕДБ қатарында. Банк еліміздің барлық аймақтарында жеке және корпоративтік клиенттерге қызмет көрсетеді, онлайн-сервистерді дамытып, тұрақты өсімді көрсетуде. Bereke Bank депозиттерді кепілдендіру жүйесінің қатысушысы болып табылады, сервис сапасына және бизнесті қолдауға ерекше мән береді.