Бизнесті басқару үшін IT-ді қалай енгізуге болады? Қарағанды қаласында стартаперлерге және басшыларға арналған тегін курс басталады
Қазіргі бизнесте IT-дің құралдары тек артықшылық ғана емес, сонымен қатар тиімді басқарудың қажеттілігіне айналуда. Бизнесті дамыту, шығындарды азайту және тиімділікті арттыру үшін технологияларды қалай дұрыс пайдалану керек? Бұл сұрақтардың жауаптарын “Терриконовая долина” IT-хабында 10-28 ақпан аралығында “Бизнесті басқаруға IT-ді қолдану” тақырыбында өтетін кәсіпкерлерге және басшыларға арналған тегін курста білетін боласыз.
Курсты Itsheff.kz компаниясының коммерциялық директоры және Microsoft Kazakhstan, “КазТрансКОМ” АҚ-да және Anytime.kz-те жұмыс істеген тәжірибелі басқарушы Георгий Битадзе өткізетін болады.
IT-құралдары бизнеске қалай көмектеседі?
Бұл курс технологиялардың қандай түрлері бизнесті тиімді етуге көмектесетінін түсінуді қалайтын кәсіпкерлерге, стартаперлерге және басшыларға бағытталған. Қатысушылар компанияның IT-бөлігін басқаруға арналған дәлелденген құралдар жинағын алады, цифрлық шешімдерге бөлінген бюджетті дұрыс жоспарлауды және бақылауды үйренеді, сонлай-ақ жаңа технологияларды енгізу жағдайында жиі кездесетін қателіктерден аулақ болуды үйренеді.
Қатысушыларға курс бар тәжірибені жүйелеп, бизнеске қандай IT-шешімдерді қолдану қолайлы екенін анықтауға көмектеседі. Басшылар технологияларды енгізудің практикалық мысалдарын көріп, уақытты, ресурстарды үнемдеуге және команданың өнімділігін арттыруға қандай процестерді автоматтандыруды түсінеді.
“Терриконовая долина” event-бөлімінің басшысы Саратовкина Ангелинаның айтуынша, курс кәсіпкерлерге нарықтағы жаңа қиындықтарға бейімделуге және өз бизнестерін тиімді жасауға көмектеседі:
Қалай қатысуға болады?
Курс гибридті форматта өтеді: бірінші аптасы Алалыкин көшесі, 12/1 мекенжайы бойынша орналасқан “Терриконовая долина” ІТ-хабында офлайн форматында өтеді, ал қалған сабақтар онлайн форматта қолжетімді болады, бұл қатысушыларға оқуды жұмыс процестерімен ыңғайлы үйлестіруге мүмкіндік береді.
Курсқа қатысу тегін, бірақ оқытуға қатысу үшін тіркелу қажет. Тіркелу сілтемесі https://share.kz/ghSh
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.
Оқыту 10 ақпан күні басталады және 28 ақпан күні аяқталады. Дәрістің басталу уақыты 19.00, бұл кәсіпкерлердің тығыз жұмыс күнінен кейін қатысудың мүмкіндігі. Сондай-ақ аймақтағы кәсіпкерлерге цифрлық сауаттылықты арттыруға, IT-шешімдерді өз бизнестеріне енгізу және компанияны жаңа деңгейге көтерудің тамаша мүмкіндігі.