Business Turar әйелдерге арналған бизнес-акселераторының қорытындылары

Business Turar әйелдерге арналған бизнес-акселераторының қорытындылары

Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасы аясында Coca-Cola Belesteri Қазақстанның бизнес-жаттықтырушыларқауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырған Business Turarакселерациялық бағдарламасының алғашқы ағыныаяқталды. Бағдарламаға қатысуға берілген 369 өтінім ішінен275 әйел шақырылды және олардың 55%-дан астамыайтарлықтай өсімге қол жеткізді: бизнесті кеңейтіп, жаңабағыттарды іске қосты, жұмыс орындарын құрып, қаржытартты:

- 61 бизнес иесі 107 жұмыс орнын құрды

- оқу кезеңінде 98 қатысушы бизнес табысының өсімінатап өтті

- оқудан кейін 45 қатысушы өндірілетін өнім көлемінұлғайта алды

- 45 бизнес иесі 127 173 428 теңгеге инвестиция тартты.

Бағдарлама финалистері атанған кәсіпкерлер ерекшеназар аударуға лайық. Төрт қатысушы бизнес-жаттықтырушылар қауымдастығының сарапшыларынанжеке коуч-сессияларын алды, бұл оларға одан әрі даму стратегиясын құруға көмектеседі. Тағы 11 әйелсараптамалық сессияларға қатысып, нейрокоуч жәнепсихологпен жұмыс істеуге, пікірлес адамдардың ортасындашеберлік сыныптары мен білім беру бағдарламаларынақатысуға мүмкіндік беретін бірегей қауымдастық - TalpynClub-тың резиденттігін иеленді. 

Бұдан былай дамуға ұмтылған әрбір әйел Business Qymyz және Business Órken білім беру бағдарламаларынақосыла алады. Олар кәсіпкерліктің негізгі аспектілерінигеріп, бизнес-жоспар құруды, маркетингті түсініп, өзөнімін тиімді жылжытуды үйренеді. Аталған бағдарламаларбүгінде жобалары сәтті дамып келе жатқан көптегентүлектер үшін нағыз бастама болып отыр.

Оқыту форматы - онлайн, қатысу тегін. Болашақакселератор ағындарына қосылу мүмкіндігін алу үшін тілекбілдірушілер CocaCola Belesteri жобасында оқудан өтуікерек. 

Білім беру бағдарламаларына тіркелу қазірдің өзіндеашық. Толық ақпарат алу және өтінім беру ccb.kz сайтындақол жетімді. Бизнестегі өз жолыңызды бүгін бастаңыз!

TSARKA қолдауымен