Call2action.ai қазақстандық стартапы АҚШ нарығына шығады

Call2action.ai қазақстандық стартапы АҚШ нарығына шығады

Astana Hub халықаралық технопаркінің резиденті Call2action.ai стартапы АҚШ нарығында табысты дамуын жалғастыруда. Қазақстандық команда әзірлеген шешімге 40-тан астам көлік компаниясы қызығушылық білдірді, олардың екеуі коммерциялық негізде клиент атанды, ал үшеуі пилоттық жобалар шеңберінде ынтымақтастықты бастады.

Call2action.ai – бұл көлік және логистика саласындағы жұмысқа қабылдау процесін автоматтандыруға арналған генеративті жасанды интеллект (GenAI) негізіндегі әлемдегі алғашқы SaaS-шешім. Өнім жалдау процесін жеңілдетеді, шығындарды азайтады және компаниялардың жұмыс тиімділігін арттырады.

Стартап венчурлық қорлар мен бизнес-ангелдердің назарын аударып, pre-seed инвестициялық раундты ашты. Потенциалды инвесторлардың қатарында жапондық Persol Group және Mitsui Group корпорациялары да бар, бұл өнімге халықаралық аренада үлкен қызығушылық бар екенін көрсетеді.

«Американдық нарық қазақстандық нарықтан айтарлықтай ерекшеленеді, бірақ біз көлік және логистика саласындағы жұмысқа қабылдау процестерін өзгерту үшін үлкен әлеует көріп отырмыз. Astana Hub пен Цифрландыру министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылған Silicon Valley Residency Program бағдарламасына қатысу арқылы біз Кремний алқабында акселерациядан өтіп, бірнеше ай ішінде үлкен нәтижелерге қол жеткіздік: 40-тан астам көлік компаниясы қызығушылық танытты, олардың екеуімен келісімшартқа қол қойылды, ал үшеуі пилоттық жобаларды іске қосты. Pre-seed раундына арналған әлеуетті инвесторларымыз бар, сондай-ақ Persol Group және Mitsui Group сияқты ірі жапондық корпорациялардың қызығушылығы байқалады. Осындай сұраныстың арқасында біздің өнім бірнеше жыл ішінде миллиард долларға бағаланады деп күтеміз», – деді Call2action.ai стартапының CEO және тең құрылтайшысы Ерсұлтан Жүсәкінов.

Стартап TechCrunch Disrupt және CESV 2024 сияқты халықаралық іс-шараларға белсенді қатысып, 2025 жылы басталатын Mitsui Group акселерация бағдарламасына іріктелді.

Айта кетейік, Call2action.ai – Astana Hub және Silkroad Innovation Hub тарапынан МЦРИАП РК, Дүниежүзілік банк және FPIP жобасының қолдауымен ұйымдастырылған Silicon Valley Residency Program акселерация бағдарламасына қатысуға таңдалған Орталық Азияның 22 стартапының бірі.

TSARKA қолдауымен