Canon imageFORCE желісін кеңейтті: ЖИ мен бұлтты сервистері бар жаңа бизнес-принтерлер

Бүгін Canon кеңсе принтерлерінің сегіз жаңа сериясын шығару арқылы imageFORCE өнімдері қатарын кеңейтеді. Жаңа құрылғылар заманауи жұмыс кеңістіктерінің өзгермелі қажеттіліктерін ескерумен әзірленген, осылайша кәсіпорындарға жұмыс процестерін тиімді цифрландыруға, қауіпсіздікті нығайтуға, қоршаған ортаға әсерін азайтуға және өнімділігін арттыруға көмектеседі.
Басып шығару шешімдерінің кең ауқымын — ықшам A4 лазерлік үстел принтерлерінен бастап, аз тиражбен басып шығаруға арналған жоғары өнімді, көп функциялы құрылғыларға дейін — бір сенімді imageFORCE брендімен біріктіру арқылы Canon нарық үшін кешенді ұсынысын оңтайландыра отырып, жұмыс орындарының күрделі әрі сан қилы қажеттіліктерін қанағаттандырады. Жаңа сапа, инновация, сенімділік және өнімділік деңгейінің арқасында бұл — нарықта қолжетімді кеңселік көп функциялы басып шығару құрылғыларының ең толық портфельдерінің бірін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.
imageFORCE құрылғыларының жетілдірілген қатары бұлттық басып шығару және құрылғылар паркін басқару, құжат айналымын автоматтандыру және қауіпсіздік мониторингі сияқты бизнес сервистерінің кең ауқымымен және қосымша ұсыныстармен толық үйлесімділікті қамтамасыз ете отырып, жұмыс ортасына оңай кіріктіру үшін жасалған. Бұл — ұйымдардың операциялық міндеттерімен қатар дами алатын, ауқымы кеңейтілетін, болашағы бар технологиялық шешімге инвестиция салғысы келетін ұйымдар үшін стратегиялық таңдау.
Жаңа серияға кіретіндер:
- Орташа және жоғары көлемде басып шығаруды қажет ететін орта және үлкен корпоративтік кеңселер үшін Canon ұсынған жаңа A3 форматындағы түрлі түсті imageFORCE C3150 құрылғысы тиімділікті арттыруға және жұмыс процестерін цифрландыруды жеделдетуге көмектеседі. imageFORCE C3150 құрылғысы imageFORCE C5100 сериясына кіреді және Canon компаниясының A3 форматындағы құрылғылары қатарын кеңейтеді.
- Өнімділігі жоғары кеңселер үшін Canon A3 форматындағы imageFORCE 8100 сериялы ақ-қара құрылғыларын — кәсіби деңгейдегі сапаны қамтамасыз ететін жоғары жылдамдықты, жоғары көлемде басып шығаратын құрылғыларды ұсынды. Үлкен жұмыс топтары үшін өте қолайлы A3 форматындағы құрылғылар қызмет көрсету қолайлылығы мен өнімділігін арттыруға септесе отырып, деректерді жинайтын және талдайтын датчиктердің арқасында үздіксіз жұмыс уақытын барынша арттырады және АТ менеджерлері мен қызмет жеткізушілерінің жұмыс жүктемесін азайтады.
- Ықшам корпуста жоғары көлемде басып шығаруды қажет ететін жұмысбасты кеңселер үшін Canon өнімділігі жоғары, көп функциялы A4 форматындағы принтерлерінің imageFORCE C611 және 710 серияларын шығарды. Соңғы зерттеулер кәсіпорындардың барған сайын артып бара жатқан саны (23%) басып шығару құрылғыларын әртараптандырып жатқанын, ал төрттен бірі дерлігі A4 форматындағы құрылғыларды қосу арқылы өз құрылғылар паркін кеңейтуді жоспарлап отырғанын растайды. imageFORCE C611 және 710 сериялары кеңейтілген A4 форматындағы құрылғылар қатарын жаңа модельдермен толықтырады.
- Күнделікті және арнайы басып шығару және сканерлеу мүмкіндіктерін қажет ететін шағын кеңселер үшін, сонымен қатар жоғары санатты A4 форматындағы модельдерді толықтыру үшін Canon ықшам және икемді A4 форматындағы түрлі түсті imageFORCE C1333 II (MFP) және C1333P II (SFP) модельдерін, ақ-қара 1440 II (MFP) және 1400P II (SFP) модельдерін шығарды.
Осы жаңа құрылғылар imageFORCE C5100 және 6100 серияларын толықтырып, кеңседе полиграфиялық сапада басып шығаруды қамтамасыз ететін imageFORCE C7165 моделімен қатар заманауи кәсіпорындар үшін жоғары өнімді басып шығару және сканерлеу шешімін ұсынады.
Canon Europe цифрлық басып шығару және шешімдер, маркетинг және инновациялар жөніндегі вице-президенті Марк Бори атап өткендей:
«Басып шығару инновациялары нарығының көшбасшысы ретінде Canon қазіргі уақытта бизнесті ақылдырақ жүргізуге мүмкіндік беретін және компанияларға үнемі өзгеріп отыратын жұмыс әлеміне бейімделуге көмектесетін инновациялық шешімдерді ұсынуға ұмтылады».
Жаңа құрылғылар дәлелденген imageFORCE инновациялары мен табысына иек артады, осылайша талаптары әртүрлі компанияларға трансформацияны жылдамдатуға және ертеңгі күннің ережелеріне сай операциялар жүргізуге мүмкіндік беретін сенімді, ауқымы кеңейтілетін берік негізді қамтамасыз етеді.
Жаңа өнімдер моделіне қарай EMEA аймағында тікелей Canon және таңдалған серіктестер арқылы 2025 жылдың қыркүйек және қазан айларында сатылымға түседі.