Canon жаңа смартфоннан басып шығаруды қолдайтын PIXMA шағын принтерлерін таныстырды

Canon жаңа смартфоннан басып шығаруды қолдайтын PIXMA шағын принтерлерін таныстырды

Canonкомпаниясы жылдамдық, ыңғайлылық және смартфонға еш қиындықсыз қосылу мүмкіндігін сыйлау үшін жасалған екі аса ықшам «3-і 1-де» принтерін ұсынуға қуанышты. Интернетке қол жеткізу және пайдалану мүмкіндігі ажырамас бөлігі болып табылатын заманауи өмір салты үшін арнайы шығарылған жаңа PIXMA принтерлері TS6540i (OLED экраны бар) және TS4140i модельдерін қамтиды.

Екі модельдің де ені небәрі 374 мм, сондықтан шағын үстелге оңай сыйып, минималистік, заманауи дизайнымен ерекшеленіп тұрады. Үйдегі кеңседен жұмыс істеп жатсаңыз да, ас үй үстелінде мектеп жұмысын басып шығарсаңыз да, телефоныңыздан фотосуреттерді басып шығарсаңыз да, осы принтерлер көп орын алмай-ақ қуат пен дәлдікті қамтамасыз етеді. Ұзартылған басып шығару тиектерінің жәнежетілдірілген басып шығару механизмінің арқасында олар адам нанғысыз жылдам басып шығару жылдамдығын, пәрмен берілген сәттен бастап қас қағымда алғашқы дайынбетті шығару уақытын (First Print Out Time — FPOT)көрсетеді.

Өнімділігіңізді барынша арттырыңыз

Жаңа принтерлер жұмыс барысының жоғары өнімділігінқамтамасыз етуге арналған. Пайдаланушылар минутына 14,0 бетке дейін (монохромды) және 9,0 бетке дейін (түрлі-түсті)¹ әсерлі басып шығару жылдамдығын, сонымен қатар алғашқы дайын бетті монохромды басып шығару үшін шамамен 7,5 секундта және түрлі-түсті басып шығару² үшін 9,5 секундтадайындай алатын қабілетіне лайықты бағасын бере алады. Жетілдірілген басып шығару тиегі тиімдірек қамту және дәлдік үшін көбірек шүмектермен жабдықталған, соның арқасында көлемді жұмысты тиімді орындауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жылдам көшірме жасай алатын бұл принтер барынша аз күтіп, мейлінше көп іс тындырудықамтамасыз етеді.

Айрықша басып шығару анықтығы

Бұл принтерлер мәтінді айрықша анық, ұсақ-түйегіне дейінкөрсетіп, басып шығарудың кәсіби сапасын сыйлайды. Жаңа пигментті қара сия мәтіннің анық шығуына кепіл, алтамшыларды оңтайлы орналастыру және жиектерді өңдеутехнологиясы жалпы басып шығару дәлдігі мен анықтығын жақсартады. Жоғары дәлдікті қажет ететін үйлер мен кәсіпорындар үшін арнайы штрихкод басып шығару режимі жапсырмалар жасау, түгендеме жүргізу және логистика үшін өте қолайлы жоғары сапалы штрихкод және QR код басып шығаруды қамтамасыз етеді.

Телефоныңызды фотозертханаға айналдырыңыз

Шығармашылық саласындағы адамдар ықшам 5x5 дюймдік шаршы өлшемінен әсерлі A4 өлшеміне дейін жиексіз фотосуреттерді, шамамен 39 секундта 4x6 дюймдік жиексіз жылтыр фотосуреттерді оп-оңай басып шығаруға тәнті болары анық.3. Canon компаниясының бояуларға негізделген жетілдірілген фотосурет басып шығару жүйесі әрбір суреттіңтелефон экранында көргеннен де жарқынырақ, жандырақ және шынайырақ көрінуін қамтамасыз етеді — әлеуметтік желілердегі суреттер, естеліктер альбомы және креативтіжобалар үшін таптырмас мүмкіндік.

Смартфонмен бірге пайдалануға дайын, ал қосылу мүмкіндіктері керемет

PIXMA TS6540i және TS4140i принтерлері Интернетке тұрақты қол жеткізу басты мақсаты болып табылатынзаманауи өмір салтына арналған, әлемнің кез келген жерінен үздіксіз сымсыз басып шығаруды және сканерлеуді ұсынады. Canon PRINT қолданбасының көмегімен пайдаланушылар смартфоннан немесе планшеттен бәрін оп-оңай басып шығара алады, құрылғының жай-күйін тексере алады, оған қызмет көрсете алады, сия деңгейін бақылап отыра алады. Принтерлер сонымен қатар Apple AirPrint және Androidжүйесіне арналған Mopria® қолданбаларымен жұмыс істейді, осылайша түрлі драйвер орнатусыз-ақ жылдам басып шығаруға мүмкіндік береді. Оған қоса Canon PRINT қолданбасында орнатылған бұлттық байланыс арқылы пайдаланушылар Google Drive, Dropbox және OneDriveсияқты сервистерден тікелей басып шығара және сканерлейалады. Экрандағы QR код арқылы тікелей қосылу (тек TS6540i) сұраныс бойынша басып шығаруды жылдам әрі оңай етеді — жылдам сымсыз қосылу үшін кодты ұялықұрылғымен сканерлеу жеткілікті. Қарапайымдылық пен өнімділік үшін жасалған бұл принтерлер күнделікті басып шығаруды ақылдырақ және тиімдірек етеді.

Ыңғайлы әрі еш қиындықсыз сканерлеу және басып шығару 

PIXMA TS6540i жарқын, анық және оқуға оңай интерфейсі бар, түйсік деңгейінде түсінікті 1,42 дюймдік монохромдыOLED дисплейімен жасақталған. Бір рет басу арқылы көшірме жасаудың инновациялық функциясы арқылы пайдаланушылар түймені бір басып, еш баптаусыз, еш қиындықсыз жылдам көшірме жасай алады. Барлығы алдыңғы бетінде орналасқан принтерлер қағазды оңай жүктеуді, басып шығарылған материалды оңай шығаруды,құрылғымен оңай жұмыс істеуді ұсынады, сөйтіп шағынжұмыс кеңістіктері үшін өте қолайлы болады. Сондай-ақ 100 парақ сыятын қарапайым қағазға арналған алдыңғы кассетасы және қосымша ыңғайлылық пен тиімділік үшін автоматты екі жақты басып шығару функциясы бар.

Шынайы өмір үшін жасалған

Үйден жұмыс істеуден және мектеп тапсырмаларынорындаудан бастап, тоңазытқышқа ілетін фотосуреттер мен креативті жобаларға дейін — ең соңғы ықшам Canonпринтері үйде жылдамдық пен жайлылықты қамтамасыз ететін тиімді әрі өнімді жұмыс орталығына айналады.

Негізгі сипаттамалары:

• Шағын дизайн: ені небәрі 374 мм; шағын жерге оңай сыяды, кербез, заманауи келбеті бар.

• Жоғары өнімділік: ұзартылған басып шығару тиектеріжәне жетілдірілген басып шығару механизмі монохромды режимде 14,0 бет/мин және түрлі түсті режимде 9,0 бет/мин дейін жылдам басып шығарудыжәне алғашқы бетті монохромды режимде шамамен 7,5 секундта және түрлі түсті режимде 9,5 секундташығаруды қамтамасыз етеді.

• Жетілдірілген сия технологиясы: Canon пигменттік қара сиясы мәтіннің аса айқын, сызықтардың жіңішке шығуын және тамшылардың оңтайлы орналасуын қамтамасыз етеді.

• Фотосурет басып шығарудың тамаша сапасы: жарқынфотосуреттер — әлеуметтік желілер, альбомдар және креативтік жобалар үшін өте қолайлы.

• Смартфонмен үйлесімділік: Canon PRINT қолданбасы және QR код арқылы тікелей телефоннан басып шығарыңыз.

• Бір түрту арқылы көшірме жасау функциясы: түймені бір басып-ақ оңай көшірме жасаңыз — артық баптауқажет емес.

• Барлығы алдыңғы бетінде орналасқан: қағазды жүктеуді, басып шығарылған материалды шығаруды,құрылғымен жұмыс істеуді жеңілдетеді — шағынкеңістіктер үшін ерекше қолайлы.

Толығырақ біліңіз

Осы жаңа модельдер туралы қосымша ақпарат алу және Canon PIXMA сия бүріккіш принтерлерінің кең ауқымымен танысу үшін келесі сайтқа кіріңіз

TSARKA қолдауымен