CCI Қазақстан Top Employer нұсқасы бойынша үздік жұмыс берушілердің бірі болып танылды

CCI Қазақстан Top Employer нұсқасы бойынша үздік жұмыс берушілердің бірі болып танылды

Coca-Cola İçecek Kazakshstan компаниясы Top Employer2025 беделді халықаралық марапатына ие болды. Сертификаттау компания қызметкерлеріне дегенқамқорлықтың, HR-стратегиясының және мықтыкорпоративтік мәдениеттің жоғары деңгейін дәлелдейді.

Top Employer - бұл үлкен атақ қана емес, терең аналитика мен қатаң тексеру нәтижесі. Компаниялар еңбек жағдайы, инклюзивтілік, бейімделу бағдарламаларынан бастапмансап жолдары, оқыту және қызметкерлердің әл-ауқатынақамқорлық жасау сияқты ондаған параметр бойынша сынғатүседі. CCI Kazakshstan осы тармақтардың барлығыбойынша өзін жақсы жағынан көрсете алды.

"Біз үшін бұл жай мойындау емес. Бұл — біз дұрысбағытта екеніміздің көрсеткіші: адамдар жұмыс істеп, өсіп-дамығысы келетін орта құрудамыз", - деп түсіндірдіCoca-Cola İçecek Kazakshstan бас директоры Вели Динчель.

Компанияда таланттарды қолдаудың жан-жақты жүйесіқұрылған: мұнда қызметкерлерді жалдап қана қоймай, әрқайсысының дамуына инвестиция салынады. Біздекөптеген ақылы тағылымдамалар, тәжірибелер жәнежаңадан бастап жүрген мамандар үшін басқа да мүмкіндіктер бар. Біз барлығына саланың қалай жұмысістейтінін іштен көрсетумен қатар бастама мен дамуға дегенұмтылысты бағалайтын нақты команданың бір бөлігі болуғамүмкіндік беруге тырысамыз. 

CCI Kazakshstan-ның мықты тұсы - жаңадан келушілердіойластырылған бейімдеу, жеке даму жоспарлары, тұрақтыкері байланыс, басшылықпен кездесулер және тағыбасқалар. Және бұл жынысына, жасына немесе орналасқанжеріне қарамайды.

Компания HR-процестерді белсенді түрдеавтоматтандырады, цифрлық оқытуға инвестиция салады, тәлімгерлік және коучингтік бағдарламаларды іске қосады, қызметкерлердің қатысуы мен қанағаттануы туралытұрақты сауалнамалар жүргізеді және нәтижелерге сүйенеотырып әрекет етеді. 

"Адамдар - біздің басты құндылығымыз. Компанияны алғажылжытатын да - адамдар. Біз CCI-де әрбір қызметкерөзін қауіпсіз сезініп, танылып, бізбен бірге өсе алатынынмақтан тұтамыз", - деді Вели Динчель.

Top Employer сыйлығын алу - маңызды қадам, бірақ CCI Kazakshstan-да ең қызықтысы енді басталатынына сенімді. 2025 жылға арналған жоспарда оқыту бағдарламаларынкеңейту, қызметкерлердің әл-ауқатын дамыту, Әртүрлілікпен Инклюзия саласындағы жаңа бастамалар және жұмысберушінің брендін күшейту тұр.

Top Employer сертификаты туралы

Top Employer Institute - персоналды басқару бойынша озықтәжірибені тану саласындағы халықаралық сарапшы. Бұлмәртебе корпоративтік мәдениетті белсенді дамытып, қызметкерлердің өсу мен әл-ауқатын арттыруға мүмкіндікберетін және HR-тәжірибесінде жоғары стандарттардыұстанатын ұйымдарға беріледі. Ұйым 30 жылдан астамуақыт бойы әлемдік компаниялардың адамдармен жұмысістеу әдістерін жетілдіру мақсатында үздік жұмысберушілерді сертификаттап келеді. 2024 жылы TopEmployers Institute 122 ел/аймақтағы 2300-ден аса ұйымдысертификаттады, бұл өз кезегінде бүкіл әлем бойынша 9 миллионнан астам қызметкердің өміріне оң әсер етеді.


TSARKA қолдауымен