«Чекті талап ет – жүлде ұтып ал»: фискалды чек алып, оны Amian қосымшасына тіркеңіз
Мемлекеттік кірістер комитеті Фискалдық деректер операторының қатысуымен «Чекті талап ет – жүлде ұтып ал» акциясын іске қосты. Акция 31 желтоқсанға дейін жалғасады, деп хабарлайды Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.
Әрбір қазақстандық, тауар сатып алу немесе қызмет алу барысында, тек өз тұтынушылық құқықтарын қорғап қана қоймай, iPhone 15 Pro немесе басқа да бағалы сыйлықтарға ие болу мүмкіндігіне ие болады. Акцияға деректерді тіркеу және жіберу функциясы бар кассалық аппараттардан алынған чектер қатысады.
Акцияға қатысу үшін:
- Тауар сатып алыңыз немесе ақылы қызметтер алыңыз;
- Фискалды чекті алып, оны «Amian» қосымшасына тіркеңіз.
Қосымшаны AppStore немесе Google Play арқылы жүктеуге болады.
Чек – тұтынушы ретіндегі құқықтарыңызды қорғау құралы. Ол сатып алуды немесе қызмет көрсетуді растап қана қоймай, сапасыз тауарды қайтару немесе ауыстыруға кепілдік береді. Чекті талап ете отырып, сіз өз құқықтарыңызды қорғайсыз, көлеңкелі экономиканы қысқартуға көмектесесіз және адал бизнес жүргізуге үлес қосасыз.