Decentrathon 4.0: Қазақстанның 20 қаласында ауқымды офлайн-хакатон өтеді

Decentrathon 4.0: Қазақстанның 20 қаласында ауқымды офлайн-хакатон өтеді

Astana Hub пен Blockchain & AI Technology Center (BAITC) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен Decentrathon 4.0 – еліміздегі ең ірі офлайн-хакатон өтетінін хабарлайды. Іс-шара 13–14 қыркүйек күндері бір мезетте Қазақстанның 20 қаласын қамтиды.

Өтінімдер 12 қыркүйекке дейін мына сілтеме арқылы қабылданады.

Екі күн ішінде Decentrathon 4.0 хакатонына 2500-ден астам қатысушы – оқушылар, студенттер, кәсіпкерлер мен тәжірибелі IT-мамандар жиналады. Оларды командалық жұмыс, менторлық қолдау және өз жобаларын индустрия сарапшыларына тікелей ұсыну мүмкіндігі күтіп тұр.

Хакатон тақырыбы – жасанды интеллект. Қатысушылар AI-жобаларды әзірлеу, құрастыру және дайын шешімдерді таныстыру бойынша өз мүмкіндіктерін сынап көреді. Формат барша жанға ортақ: 18 жастан бастап кез келген адам қатыса алады, ал жоғары сынып оқушылары – ересек капитаны бар команда құрамында жарысады.

«Әр бастамамыз Қазақстан жері талантқа бай екенін айшықтайды. Жас дарындар батыл ойлап, дәстүрден тыс шешім ұсынып, әлемдік деңгейдегі технологиялармен жұмыс істей алатынын көріп отырмыз. Мақсатымыз – болашағы зор жастарды қолдап, жүректеріне сенім ұялату және идеяларының құнды әрі қажет екенін сезіндіру. Мұндай жобалар аясында ел экономикасының болашағы қаланып, өскелең ұрпақ елдің технологиялық дамуының қозғаушы күшіне айналады», – деді Мағжан Мәдиев, Astana Hub бас директоры.

AI-тректің эксклюзивті серіктестері – Банк ЦентрКредит, BCC-HUB және inDrive. Олар қатысушыларға финтех пен мобильді технологиялар саласынан нақты тапсырмалар ұсынады, ал үздік шешімдер практикалық маңызға ие болып, әрі қарай енгізілуге мүмкіндік алады.

«Decentrathon жыл сайын Қазақстанның 20 қаласында 3000-нан астам әзірлеушінің басын қосады. Биыл да жетекші технологиялық компаниялар осы ауқымды іс-шараға қолдау көрсетуде. Осы көрсеткіштің маңызы зор: әрбір үшінші жүлделі орын аймақтардан келген қатысушыларға бұйырады. Бұл еліміздің барлық өңірінде мықты таланттардың бар екенін және олардың Қазақстанның цифрлық болашағын қалыптастырып жатқанын дәлелдейді», – деді Айдана Қасқырбек, BAITC бас директоры әрі негізін қалаушы.

Decentrathon 4.0 Қазақстанның 20 қаласында офлайн форматта өтеді. Мұнда Алматы, Астана, Қызылорда, Өскемен, Жезқазған және басқа да шаһарлар бар. Ұйымдастырушылар хакатон мәдениетін сақтап, қатысушыларға әдеттегідей  фирмалық мерч, менторлық қолдау және дәстүрлі пицца ұсынады.

Хакатонның жалпы жүлде қоры 15 млн теңгені құрайды, қаражат жеңімпаз атанған командалар арасында бөлінеді. Жүлдегерлер елдің басты технологиялық сахнасында – Digital Bridge 2025 форумында жарияланады. Бұл оларға өз жобаларын кең аудиторияға таныстырып, инвесторлар мен серіктестердің назарын аударуға және ауқымды деңгейде дамуға септігін тигізеді. 

Толығырақ ақпарат алып, тіркелу үшін decentrathon.aiсайтына өту керек.

TSARKA қолдауымен