Digital Bridge 2025-те 130-дан астам стартап пен IT-компания өз шешімдерін ұсынды

Халықаралық Digital Bridge 2025 технологиялық форумында қазақстандық және шетелдік әлеуеті зор жобалар өз шешімдерін Startup Alley алаңы мен IT-компаниялар көрмесінде ұсынып жатыр. Бұл бастама стартаптар мен компанияларға ауқымын кеңейтуге, инвестиция тартуға және халықаралық нарыққа шығуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Startup Alley – форумның басты бөлігі. Мұнда жас компаниялар идеяларын инвесторларға, сарапшыларға, бизнес өкілдеріне және мыңдаған қатысушыға ұсынады. Жобалар жасанды интеллект пен IT-дің түрлі салаларын қамтиды: білім беру, медицина, мобильдік шешімдер, финтех, экотехнологиялар мен биометрия. Сонымен қатар IT-компаниялар көрмесі де өтіп жатыр. Мұнда сала көшбасшылары бұлтты сервистер, киберқауіпсіздік, финтех және әлемдік цифрлық күн тәртібін айқындайтын басқа да технологиялар бойынша заманауи шешімдерді жұртшылық назарына ұсынды.
Startup Alley қатысушыларының қатарында білім беру, медицина және жасанды интеллекттің түйісінде жұмыс істейтін жобалар бар. Мәселен, WeGlobal.ai жасанды интеллектті қолдана отырып, оқушыларға кәсіби бағдар беріп, психологиялық қолдау алуын қамтамасыз етеді. Осылайша, дағдарыстың алдын алып, деректерге сүйеніп, білім беруді басқаруға мүмкіндік береді. Aiutanteкогнитивті ауытқуы бар қарттарға күтім жасауды жеңілдетіп, туыстарды, медицина қызметкерлерін және күтушілерді бір жүйеге тоғыстырады. CYBERPACK.AIмектептерге арналған толыққанды STEAM-экожүйесін дамытса, Biometric.Vision биометриялық сәйкестендіру мен клиенттерді қашықтан тексеруге мүмкіндік беретін технологияларын енгізуде. Бұл компанияларға алаяқтық тәуекелдерін азайтуға жол ашады.
«Форум аясындағы көптеген бастамаға белсенді қатысып, әр мүмкіндікті өнімді ілгерілету үшін пайдаланып жатырмыз. Стартаптар аллеясында әлеуетті серіктестермен және болашақ клиенттермен танысып, нәтижелі пікір алмаса бастадық. Мұндай іс-шараларға бұрын да қатыстық, бұл жобаның дамуына септігін тигізіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады», – деді CYBERPACK.AI компаниясының қаржы директоры Мансұр Ахмеров.
Көрмеде медицина мен тұрақты даму бағытындағы шешімдерде ұсынылған. NeuroGuard нейродегенеративті ауруларды ерте анықтауға мүмкіндік береді, ал Ascle дәрігерлердің уақытын үнемдеп, айтылған мәтінді медициналық картаға және алдын ала диагнозға айналдырады. Bas Taxi такси мен курьерлік сервистерді біріктіретін ұлттық мобильдік платформаны дамытса, Aquaguard гиперспектралды түсірілімдер арқылы су ресурстарын пайдалануды бақылайды. Ал Агротехнологиялық хаб «мұздықтан егістікке дейінгі» су қозғалысын қадағалайды. Қаржылық және бизнес-бағыттағы шешімдердің ішінде алақан тамырларының биометриясы арқылы төлем жасайтын Alaqanтехнологиясы және процестерді автоматтандыруға арналған интеллектуалды өнімдер әзірлейтін Shai.pro AI-зертханасы бар.
Еске салсақ, 2–4 қазан аралығында Астанада технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы Орталық Еуразиядағы ең ірі халықаралық форум – Digital Bridge 2025 өтіп жатыр. Биыл айтулы оқиға 30+ елден келген 30 000+ қатысушы, 100+ инвестор мен бизнес-періште және 400+ спикердің басын қосты.
Биылғы форум серіктестер мен демеушілердің қолдауының арқасында ұйымдастырылды. Барлық шығын демеушілік қаражат есебінен жабылды. Форумның бас серіктесі – Freedom Bank Kazakhstan. Алтын серіктестер – Kaspi.kz, Yandex Qazaqstan және «Қазақтелеком» АҚ. Күміс серіктес – «Транстелеком» АҚ. Қола серіктестер – BI Group, «Бәйтерек» ҰБХ АҚ, Еуразиялық банк, Ozon, "Теңізшевройл" ЖШС. Инновациялық серіктес – InDrive. Ақпараттық серіктестер – CITIX, Musan Group, EcoGenMedia, MYD, Visit Astana.