Digital – жарнама жасаудың тиімді жолдарын ұсынады

Digital – жарнама жасаудың тиімді жолдарын ұсынады

Netpeak Kazakhstan интернет-маркетинг агенттігі ұйымдастырған іс-шарада мамандар digital-жарнаманың тиімді тұстарын талқылады. Олардың айтуынша, Digital-маркетингте сандық KPI-ге қол жеткізу және  өтелімділіктің нақты көрсетілімімен қатар жүрмесе, кампанияның табыстылығына әрдайым кепілдік бермейді.

25 шілдеде Netpeak Kazakhstan агенттігі интернет-маркетинг саласындағы жетекші сарапшылардың басын қосты. Ондағы мақсат - digital-жарнама бойынша, тиімділік пен шығындарды оңтайландыру.

Netpeak Kazakhstan компаниясының бас директоры Бауыржан Тоқтағазының айтуынша, мұның заманауи цифрлық экономикадағы маңызы өте орасан.

"Digital-маркетингке салынған ресурстар барынша пайда әкелуі керек. Бұл тек KPI-ді дұрыс таңдауды ғана емес, сонымен қатар олардың нарықтың өзгеретін жағдайларына үнемі бейімделуін талап етеді. Заманауи digital-маркетингте трафик, конверсиялар және кликтер сияқты синтетикалық метрикалар жарнамалық кампаниялардың өнімділігін бағалауда маңызды рөл атқарады, алайда стратегияның шынайы тиімділігі тұрақты табысқа қол жеткізу және компаниялардың бизнес-мақсаттарына сәйкес инвестициялардың қайтарымын қамтамасыз ету қабілетімен анықталады",- деді Бауыржан Тоқтағазы.

Бұдан бөлек жиын барысында бизнестің тауарлар мен қызметтерінің digital-жарнама кезінде шығындарды оңтайландыру сөз болды.  Сарапшылар цифрлық маркетинг әлемінде әр клик мен жарнама көрсетудің бағасы бар, шығындарды оңтайландыру бизнес үшін басты міндетке айналады деген пікірге келді. Digital-жарнама көрсеткіштерді тиімді пайдаланумен қатар, шығындарды оңтайландыру жүйелі талдау мен икемді тәсілді қажет етеді.

"Мұндай жағдайларда қаражатты неғұрлым перспективалы және тиімді кампанияларға немесе арналарға қайта бөлу орынды", — деп түсіндірді Дамир Гаитов,

Сарапшының пікірінше, рентабельділікті талдау және науқанды оңтайландыру кезінде бірнеше негізгі факторларды ескеру қажет. Біріншіден, өнім ассортименті: драйвер-тауарлары болмауы трафикті және тапсырыстар санын азайтуы мүмкін.

Екіншіден, сайттын дурыс жумыс истеуи: "сатып алу" батырмасы сияқты бір бұзылған элемент бүкіл жарнамалық арнаның тиімділігіне теріс әсер етуі мүмкін. Үшіншіден, автоматты турде берилетин усыныстарга қарау керек, жарнама жүйелерінің ұсынысы және олардың жұмысын әртүрлі көрсеткіштердің жиынтығы бойынша мұқият талдау қажет.

Бәсекелестердің белсенділігін ескеру де маңызды, өйткені үлкен бюджеті бар компаниялар жарнамалық аукционның барлық қатысушыларына айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Бұл, ең алдымен, айтарлықтай қаржылық ресурстарға ие ірі маркетплейстерге қатысты. Нәтижесінде, қалғандары осы арна арқылы клиенттерді тартуда және бәсекеге қабілетті позицияларды ұстауда қиындықтарға тап болуы мүмкін.

 TSARKA қолдауымен