EA Charity әлеуметтік стартаптарға арналған Tamyr акселераторын іске қосты. Грант қоры — 130 млн теңге

EA Charity әлеуметтік стартаптарға арналған Tamyr акселераторын іске қосты. Грант қоры — 130 млн теңге

EA Charity қоры толығымен Орталық Азиядағы әлеуметтік стартаптарға арналған Tamyr Platform акселераторының іске қосылатыны туралы хабарлайды. Жоба аясында оқыту, тәлімгерлік және 10 миллион теңгеге дейінгі гранты бар толық қолдау қарастырылған. Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың шілде айында басталады.

Tamyr Platform – EA Group холдингінің корпоративті қайырымдылық қоры EA Charity ұсынатын коммерциялық емес акселераторлық бағдарлама. Жоба қоғамда тұрақты өзгеріс енгізуді қалайтын кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Өтінімдер білім беру, мәдениет, медицина және басқа да түрлі салаларда бастамаларды жүзеге асыратын стартаптардан қабылданады. Бағдарламаға қатысу – тегін.

Tamyr Platform бағдарламасының алғашқы легі 20-25 жобаға есептелген. Іріктеу онлайн өтінім беру, интервью және Эксперттер кеңесінің алдында жобаны қорғау сияқты үш кезеңнен тұрады. Өтінімдерді қабылдау шілде айында басталып, 2025 жылдың қыркүйегіне дейін созылады. Ең басты талаптар – әлеуметтік әсер болуы, команданың жобаны жүзеге асыру мен есеп беруге дайындығы, сонымен қатар, ауқымын кеңейту мүмкіндігінің болуы.

Іріктеуден өткен әлеуметтік кәсіпкерлер Алматы қаласындағы бір апталық акселераторлық резиденцияға қатысады. Бағдарлама аясында қатысушылар заңгерлік, маркетинг, команда құру, қаржылық жоспарлау және басқа да бағыттар бойынша оқыту модульдерін меңгереді. Ал EA Group өкілдері, қордың серіктестері мен үкіметтік емес ұйым саласынан шақырылған эксперттер тәлімгер болады. Сонымен қатар бағдарламадан кейінгі кезеңде акселерацияны аяқтаған жобаларға тәлімгерлік жүйе аясында қолдау көрсетіледі.

Оқуды аяқтап, қорғап шыққан үздік жобалар 5 млн теңгеден 10 млн теңгеге дейінгі грантқа ие болады. Жобаны қаржыландыру кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, арасында міндетті аралық және қорытынды есеп берілуі тиіс.

«Tamyr Platform – бұл жай ғана грант конкурсы емес. Біздің мақсатымыз – аймақтағы әлеуметтік көшбасшылардың өсуіне қолайлы жағдай жасау. Бізге ол жобалардың бастапқы кезеңінде қолдау көрсетіп қана қоймай, аймақтағы жағдайды расында жақсарта алатын жандармен тұрақты серіктестік орнату да маңызды», – дейді EA Charity директоры Айдар Бөрібаев.

Tamyr – түркі тілінде «негіз», «түптамыр» мағынасын береді, ал Орталық Азияның мәдени дәстүрінде сенімді серіктестікті де білдіреді. Ұйымдастырушылардың пікірінше, бағдарламаның мақсаты – жобаларға бір реттік қолдау көрсету ғана емес, жүйелі өзгерістерге бағытталған командалармен ұзақ мерзімді байланыс орнату.

Осылайша Акселератор EA Charity қорының Орталық Азиядағы адами капиталды дамытуға бағытталған стратегиялық мақсатының заңды жалғасы болып отыр. Қор өкілдерінің айтуынша, аймақта қазірдің өзінде белсенді командалар мен азаматтық бастамалар тұрақты қалыптасып келеді, енді оларға жүйелі қолдау, тұрақты өсу мен тәжірибелі мамандар пікірі қажет-ақ.

TSARKA қолдауымен