eGov.kz порталы мемлекеттік қызметтер мен сервистерді толық автоматтандырды

eGov.kz порталы мемлекеттік қызметтер мен сервистерді толық автоматтандырды

eGov.kz порталы мемлекеттік қызметтер мен сервистердің 90%-дан астамын автоматтандырды. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының өзінде қазақстандықтар eGov және eGov Mobile арқылы 20 миллионнан астам мемлекеттік қызмет алған.

Айта кетейік, қазіргі таңда EGov порталы мен eGov mobile қосымшасын 14 миллионнан астам адам пайдаланады. Оның 1,2 миллионнан астамы осы жылдың басында тіркелген.

Бұл ел азаматтары үшін өте қолайлы дүние. Өйткені кез келген адам үйден шықпай-ақ өзіне қажетті құжаттарды онлайн режимде ала алады. Ол үшін eGov.kz порталын немесе eGov Mobile мобильді қосымшасын жүктеп алсаңыз жеткілікті.

Қазіргі уақытта портал азаматтарға 450 миллионнан астам, ал қолданба 66 миллион қызмет түрін көрсеткен.

Ескеретін тағы бір жайт: Осы жылдың басынан бастап порталда емханаға тіркелу және білім туралы құжаттарды (жоғары, орта, техникалық және орта білімнен кейінгі) тану сияқты қызметтерге өзгерістер енгізілді.

 Бірінші жартыжылдықтағы eGov.kz порталындағы ең танымал 3 қызмет:

- соттылығының бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама – 1 390 060;

- жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама беру – 1 561 886;

- алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу – 1 420 105.

 Азаматтарға ыңғайлы болу үшін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мамандары қызметтер мен сервистерді eGov Mobile қолданбасына белсенді түрде көшіруде.

Бірінші жартыжылдықтағы eGov Mobile қосымшасының ең танымал 3 қызметі:

- шетелге шығуға шектелген Борышкерлер тізілімі және Атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлер тізілімі бойынша шетелге шығуға тыйым салудың бар-жоғын тексеру – 361 374;

- Ф-2 анықтамасы (жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтардың (кепілде болу, тиым салу) жоқтығы туралы – 225 276;

- соттылығының бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама – 1 157 663.

 eGov mobile мобильді қосымшасындағы «Цифрлық құжаттар» сервисі қазірдің өзінде 33 құжатты қамтиды және іске қосылған сәттен бастап оны 12 млн. астам рет пайдаланды.

TSARKA қолдауымен