Электрондық үкіметтегі жасанды интеллект: табыстың кілті – жеке секторды тарту
«QazTech» Альянсы сарапшылары қадағалаушы мемлекеттік органдармен бірлесіп цифрлық экономиканы реттеудің жаңа заңнамалық базасын әзірлеу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бірінші кезектегі міндеттер қатарында Жасанды интеллект туралы заң жобасын, Цифрлық кодекс жобасын және «Байланыс туралы» заң жобасын әзірлеу бар.
Президент өз Жолдауында электрондық үкімет платформасына жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын енгізуге ерекше назар аударды. Мамандардың айтуынша, ЖИ автоматтандыруға болатын мемлекеттік функциялар мен қызметтердің ауқымын айтарлықтай кеңейте алуы мүмкін.
Жергілікті атқарушы органдар деңгейінде ЖИ көмегімен жақсартуға болатын 800-ден астам функция бар. Мемлекеттік органдардың көпшілігі мәтіндік ақпаратпен жұмыс істейтіндіктен, үлкен тілдік модельдерді (LLM - Large Language Models) пайдалану процестерді автоматтандырудың келешегі зор бағыттарының бірі.
«QazTech» Альянсының мақсаты — жасанды интеллекті пайдалана отырып, мемлекеттік функциялар мен процестерді, сондай-ақ ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрландыру процесіне жүздеген технологиялық компанияларды табуға, тартуға бағытталған. Бұл цифрлық технологияларды енгізу арқылы мемлекеттік бюджетті жұмсау тиімділігін арттыруға көмектесуі тиіс.