Eraz Community: қыздарға арналған тегін онлайн-курс зорлық-зомбылық пен стереотиптерге «жоқ» деп айтуды үйретеді

Қазақстанда қыздарға арналған тегін онлайн курс ашылды. Eraz Community — бұл Сингапурда тұратын, этникалық қазақ, 15 жастағы қыздың бастамасымен құрылған жоба. Оның мақсаты — өзіне сенгісі келетін, қабілеттерін дамытып, армандарын кәсіби мақсаттарға айналдырғысы келетін қыздардың қауымдастығын қалыптастыру. Жоба алдын алу шараларына басымдық береді: ол жасөспірім қыздарға сенімді болуға, күрделі жағдайларда бағдар табуға және өмірін өз құндылықтары мен ішкі сеніміне сүйене отырып құруға көмектеседі. Еңбастысы — қыздар зорлық-зомбылыққа, стереотиптерге және таңылған шектеулерге «жоқ» деп айтуға үйренеді.
Қазақстанда балаларға, әсіресе жасөспірім қыздарға қатысты зорлық-зомбылық әлі де өзекті мәселе болыпотыр. ҚР Ішкі істер министрлігінің ҚР Ішкі істерминистрлігінің деректеріне сәйкес, 2024 жылы кәмелетке толмағандарға қатысты 225 зорлық-зомбылық оқиғасы тіркелген, олардың басым көпшілігі — қыз балаларға қатысты, әсіресе жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық түрінде.
Буллинг және психологиялық қысым да қыздарға ерекше әсер етеді. ЮНИСЕФ-тің есебіне сәйкес, қыздар сырт келбетіне, гендерлік стереотиптерге байланысты қорлауғажәне әлеуметтік оқшаулауға жиі ұшырайды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, мектеп оқушыларының шамамен 20%-ы буллингке тап болады, ал қыздар көбінесе қатарластарының, кейде тіпті мұғалімдердің тарапынан ауызша және психологиялық зорлыққа ұшырайды. 11–15 жас аралығындағы жасөспірімдер ең осал топқа жатады — олар аптасына 2–3 рет буллингке ұшырайды.
Физикалық және жыныстық зорлық-зомбылықтан бөлек, психологиялық қысым да кең таралған. Агрессия көбінесе отбасы ішінде басталады: ЮНИСЕФ зерттеуі көрсеткендей, Қазақстандағы ата-аналардың 31%-ы әлі де балаларға дене жазасын қолданады, ал 72%-ы тәрбиелеу барысында психологиялық зорлық әдістерін пайдаланады. Мұндай орта қыз балалардың санасында зорлық — қалыпты жағдай деген қауіпті түсінік қалыптастырады. Сарапшылар қыздармен ерте, олар қатыгездікке ұшырамай тұрып жұмыс істеудің маңызын атап көрсетеді. Ерте жастан бастап білім беру, қолдау көрсету және өз-өзіне сенімділікті дамыту — қыздарды үнсіз құрбанға айналудан сақтайтын маңызды тетік. Жасөспірімдер өз құқықтарын неғұрлым ерте танып, жеке шекарасын қорғай білсе, олар зорлықшыл ортадан тәуелді жағдайғатүсу қаупінен соғұрлым алшақ болады.
Eras Community жобасы білім мен менторлық арқылы шешім ұсынады. Бұл — Қазақстандағы 14–16 жасаралығындағы қыздарға арналған тегін екі айлық онлайн-курс. Курстың мақсаты — қыздарды өмірдің кез келген сынағына дайын етіп, мықты өмірлік ұстаным мен сапалы білім арқылы ішкі тұрақтылыққа қол жеткізу. Бағдарламада өзін тану, мақсат қою, көшбасшылық қасиеттерді дамыту, кәсіби бағдарлау, эмоционалдық және әлеуметтік интеллектті жетілдіру секілді модульдер қамтылған. Әр апта сайын қатысушылар жаңа модульден өтеді, ал демалыс күндері жобаның негізін қалаушымен онлайн-дискуссиялық сессияларға қатысады. Қазіргі таңда бұл курсты 17 жасөспірім қыз аяқтады, ал 2025 жылдың қыркүйегіне дейін 40 қыз қамтылатын тағы 2 лег өткізу жоспарланып отыр.

Қыздардың өзін дербес сезініп, шешім қабылдай білуі ерекше назарда. Бұл — олардың сыни ойлау қабілетін дамытып, патриархалдық көзқарастардың, діннің және отарлық өткеннің қысымынан тыс қалыптасуына мүмкіндік береді.«Біз бірде-бір қыз бала зорлық-зомбылықты қалыпты құбылыс деп қабылдамай өскенін қалаймыз. Eraz Community жобасының қатысушылары өз құнын түсінеді, эмоционалдық тұрақтылыққа үйренеді және зорлық пен әділетсіздікке “жоқ” деп нық айтуға дағдыланады», — дейді жобаның негізін қалаушы Жамиля Тахер. «Біздің мақсатымыз — өзін сенімді ұстайтын, қорқыныш пен тәуелділіктен ада өмір сүре алатын қыздар ұрпағын тәрбиелеу және оларды ортақ құндылықтар біріктіретін қауымдастыққа топтастыру».
Менторлық — Eraz Community тәсілінің негізгі элементі. Қыздармен шетелде және Қазақстанда білім беру, кәсіпкерлік, қаржы, консалтинг, медицина, экономика және әлеуметтік қорғау салаларында табысты еңбек етіпжүрген қазақстандық әйелдер жұмыс істейді. Олар өз тәжірибесімен бөлісіп, қатысушыларға әлеуетін ашуға, кәсіби жолда бағдар табуға көмектеседі. Менторлар тек білім беріп қана қоймай, қыздарға шабыт, мотивация жәнеөз күшіне сенім дарытады. Топтық сессиялар өткізіп, жекежәне кәсіби даму үшін қажетті ресурстар мен ұсыныстар ұсынады.
Курс соңында қатысушылар өздерінің мықты тұстарынжақсырақ түсінеді, шешім қабылдауға, мансапты жоспарлауға және жеке шекара орнатуға үйренеді. Қыздар тіл үйренуге, мүмкіндіктерді іздеуге және армандаудан қорықпауға ынталанады. Ең белсенді қатысушыларға арнайы мүмкіндік беріледі — 2025 жылдың соңында Сингапурда өтетін бір апталық кәсіби бағдар беру лагеріне жолдама. Бұл бағдарлама аясында қазақстандық оқушы қыздар Жамиляның Сингапурдағы өнермектебіндегі сыныптастарымен кездесіп, елдің жетекші университеттеріне барып, табысты әйелдермен тілдесіп, болашаққа деген көзқарасын кеңейтеді.
Жобаның түпкі мақсаты — қорқыныш пен тәуелділіктенада өмір сүре алатын, зорлық-зомбылыққа «жоқ» дейтінжәне бір-бірін қолдайтын, шабыттандыратын ортада өмір сүретін қыздар буынын қалыптастыру.