Freedom Holding 2,1 млрд доллар рекордтық табыс пен клиенттер санының өскенін көрсетті

Freedom Holding 2,1 млрд доллар рекордтық табыс пен клиенттер санының өскенін көрсетті

Freedom Holding Corp. компания үшін ағымдағы жылдың 31 наурызында аяқталған 2025 қазыналық жылдың қаржылықнәтижелерін жариялайды.

Негізгі көрсеткіштер келесі серпінді көрсетті:

• Есепті кезеңдегі түсім $2,1 миллиардты құрап, зейнетақы аннуитеті бойынша шарттар мен жазатайым оқиғалардан сақтандыру саны артуының есебінен ол бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда $384,2 миллионға (23%) өсті. Мұнымен қоса, туынды қаржы құралдарынан түсетін таза шығынның орнына $12,4 млн (+112%) таза пайданы тіркеу фактісі де түсімге әсер етті. Сондай-ақ, брокерлік компаниялардың бөлшек клиенттері санының тұрақты артуының және олардың мәмілелер жасаудағы белсенділігінің арқасында, комиссиялық табыстың $440,3 миллионнан$505 миллионға дейін (+15%) өсуін атап өткен жөн.

• Freedom Holding Corp. таза кірісі $84,5 миллиондықұрады. Холдингтің бір акцияға шаққандағы табысы$1,43*-ті құрады.

• Холдингтің активтері $8,3 миллиардтан $9,9 миллиардқадейін өсті (+19%). Міндеттемелер $8,7 миллиардты (+22%) құрады.

2025 қазыналық жылда Холдинг демеушілік қолдауға $51 миллионды жолдады. Қазақстан шахмат федерациясы менQJ League-қа айтарлықтай қомақты жарна жасалды.

Есепті кезеңде клиенттік базаның өсуі жалғасты: брокерлікшоттар – 683 мың (+153 мың), сақтандырукомпанияларының клиенттері – 1,2 млн (+636 мың), банктікқызметтерді пайдаланушылар – 2,5 млн (+1,6 млн), басқасегменттерде – 605 мың (+486 мың).

Банктік қызметтердің клиенттік базасының өсуі көбінеSuperApp іске қосылуымен байланысты болды. Біріншіжылы қосымшаны 1,8 миллионнан астам пайдаланушыжүктеп алып, ал 2025 жылдың маусым айының басындаолардың саны 2,3 миллионға жеткен.

Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры ТимурТурлов: «Жаңа ғана аяқталған қаржы жылы біздіңкомпания үшін маңызды кезеңге - терең өзгерістер, қиындықтарды еңсеру және тұрақты даму кезеңіне айналды. Біз бизнес ауқымы жағынан да, инвесторлардықабылдау тұрғысынан да жаңа деңгейге шықтық. Бүгінгітаңда нарықты капиталдандырудың рекордтық өсуінескере отырып, Freedom Holding Corp. Қазақстандағы ғанаемес, сонымен қатар өңірде де сүйеу болатын ойыншы ретінде қабылданады. Біздің жетістіктеріміз - инвестордың ұзақ мерзімді стратегиясының және сенімінің нәтижесі, оған біз шын жүректен алғысымызды білдіреміз».

Сондай-ақ, 2025 жылдың мамыр айында акциялардың құныбарынша көп деңгей - $183,07-ге жеткенін, нарықтық капиталдандыру $11 млрд болғанын атап өту маңызды.

FRHC акцияларының серпіні кең нарықтан күштірек болып қалуда. S&P500 және Nasdaq негізгі индекстері күнтізбелік жыл басынан бері нөлге жуық серпінді көрсеткенімен, FRHC акциялары аталмыш кезеңде 17%-дан астамды қосты. Бұл АҚШ-тың қаржы секторының орташа көрсеткішінен айтарлықтай озып кетті және бизнестің қарқынды өсуін, сондай ақ инвесторлар тарапынан жоғары сенімді көрсетеді. Ең ірі акционерлер қатарына BlackRock, Millennium Management, Goldman Sachs, State Street Corporation, Morgan Stanley, D.E. Shaw, HRT Financial LP, SIG Holding LLC, FMR LLC секілді институционалдық ойыншылар кіреді.

Ағымдағы жылы Freedom Holding Corpтелекоммуникациялық бизнесті дамыту стратегиясын іске асыруды жалғастырды: 2025 жылғы 30 сәуірде Astel Group Ltd.-ны сатып алу мәмілесі аяқталды. Компанияның спутниктік байланыс, жүйелік интеграция және цифрлық шешімдер саласында құзыреттілігі бар. Мәміле сомасы $22,6 миллионды құрады.

 Маңызды оқиға сондай ақ Freedom Holding Corp акцияларының жыл сайынғы қайта теңестірудің шеңберіндеRussell 3000 индексінің есептеуіне қосылуы болып табылды, ол 2025 жылғы 27 маусымында америкалық нарықжабылғаннан кейін күшіне енеді. Russell 3000 индексі АҚШакциялары  инвестицияланатын нарығының шамамен 98%-ын құрайтын америкалық ең ірі 3019 компанияның серпінін қадағайды.

TSARKA қолдауымен