Glovo-ға - бес жыл!
Испаниялық Glovo стартапы Қазақстандағы өзінің бес жылдығын атап өтті. 2019 жылы іске қосылған жобаның арқасында, елге 25 миллион еуро инвестиция тартылған.
Айта кетейік, Glovo айына 3500 серіктеспен және 3000-нан астам белсенді курьермен жұмыс істейді. Бұл - тек шілде айында тіркелген статистика.
Glovo Қазақстанның 16 қаласында жұмыс істейді. Яғни, 10 миллион азаматқа қызмет көрсетеді деген сөз. Қазақстандағы электрондық коммерцияның дамуына зор үлес қосы отырған компания 6000 жұмыс орнын ашқан және жыл сайын 29 миллион еуро салық төлейді.