Голливудта қазақстандық «TWO» сериалыныңтұсауы кесілді

Голливудта қазақстандық «TWO» сериалыныңтұсауы кесілді

Unico Play онлайн-кинотеатры түсірген «TWO» телехикаясы АҚШ-тағы тәуелсіз кинематографияның бастышарасы беделді Dances With Films фестивалінің(DWF:LA) ресми бағдарламасына енді.

Жобаны 21 маусымда басты рөлдердің бірін орындаушыСанұржан Сүлеев «Жұлдыздар соғысы», «Унесённые ветром» фильмдерінің және соңғы жылдардағы ондаған еңірі жобалардың премьералары өткен Голливудтың қақортасындағы әйгілі TCL Chinese театрында таныстырды.Жобаның тұсаукесерін акриса Айжан Лайжи да қолдады.

«TWO» — Қазақстанның халықаралық аренадағы үні

Қазақстанда «TWO» телехикаясы түсіріліп жатқанда-ақ, әлемдік фестивальдер жобаның әлеуетін жоғары бағалапүлгерді. Бұған дейін сериал MIPCOM (Канн) халықаралықконтент нарығының Fresh TV бағдарламасына іріктеліпалынған алғашқы қазақстандық жоба болды, онда олNetflix, STUDIOCANAL және Beta Film сериалдарыменқатар ұсынылды.

"Өткен күзде біз алғаш рет "TWO" трейлерін КанндағыMIPCOM-да - фильмдер мен телеконтенттің ең іріеуропалық нарығында көрсеттік. Содан кейін жоба әлемдікдраматургиядағы ең дәстүрлі емес, батыл және жарқындауыстарды біріктіретін беделді Fresh TV бағдарламасынаенгізілді. «TWO» осы бағдарламадағы алғашқықазақстандық сериал болды - біз оны шынымен мақтантұтамыз", - деді Unico Play продюсері Ирина Сосновая.

Енді «TWO» Лос-Анжелестегі Dances With Filmsфестиваліне қатысып, жаңа белеске шығады, бұлхалықаралық аудитория мен Солтүстік Америкадағы кәсібиқауымдастыққа жол ашады.

"Бұл біз үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия нарығыүшін маңызды қадам. Біз қазақстандық контент жасаушылардың дауысы әлемдік киноиндустрия жүрегінде естілетініне қуаныштымыз", - дейді Unico Play бас продюсері Бексұлтан Қазыбек.

TSARKA қолдауымен