Google хакерлік шабуыл туралы ескерту жасады
Google өз пайдаланушыларына сақтық ережелері үшін Chrome-ды тез арада жаңартуды сұрады. Айта кетейік, хакерлік шабуыл осы жылдың өзінде 9 рет болған екен.
Жаңарту CVE-2024-7971, Google JavaScript жүйесіндегі қатені реттейді. Өйткені бұл эксплойтты шабуылшылар пайдаланып жатқаны белгілі болды.
Мәселені осыдан бір ай алдын Microsoft-тың Threat Hunting Center және Қауіпсіздікке қарсы әрекет ету орталығы бірлесіп әшкерелеген болатын. Алайда олар эксплуатацияның техникалық мәліметтерін жарияламады.
Windows және Linux үшін браузердің тиімді нұсқасы - 128.0.6613.84, ал Mac үшін - 128.0.6613.85.
Google пайдаланушыларға Chrome браузерін тез арада жаңартуды ұсынады. Ол үшін «Параметрлер» -> «Анықтама» -> «Google Chrome туралы» ашыңыз. Содан кейін жаңартудың жүктелуін күтіп, браузерді қайта қосу қажет.
TSARKA қолдауымен