Ғылыми саладағы бизнес-процестердің тиімділігі цифрландырудың арқасында 70%-ға артты

Ғылыми саладағы бизнес-процестердің тиімділігі цифрландырудың арқасында 70%-ға артты

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев үкімет отырысында ғылымның цифрлық трансформациясы және оның саланы басқару тиімділігіне әсері туралы баяндады.

Цифрландыру заманауи технологиялар мен деректерге негізделген озық экожүйе құруға бағытталған, бұл процестерді оңтайландырып, ғылыми саладағы мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінде ғылыми саладағы барлық 12 мемлекеттік қызмет онлайн қолжетімді. 2024 жылы 15 мыңнан астам қызмет көрсетілді, оның 95%-ы электрондық форматта жүзеге асырылды.

19 негізгі бизнес-процесті қайта қарау

Цифрлық трансформация аясында келесі бағыттардағы процестер қайта қаралып, жетілдірілді:

● ғылыми зерттеулерді қаржыландыру (гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру, коммерцияландыру);

● ғылыми қызмет субъектілерін аккредитациялау туралы куәліктер беру;

● ғалымдарды ынталандыру (ғылыми сыйақылар мен стипендиялар).

Министрліктің мәліметінше, ғылыми саладағы бизнес-процестердің тиімділігі 70%-ға артқан.

TSARKA қолдауымен