Huawei 5G-A негізіндегі AIoT дамыту стратегиясын ұсынды

Huawei 5G-A негізіндегі AIoT дамыту стратегиясын ұсынды

Huawei MWC Shanghai 2025 аясында өткен GSMA IoTсаммитінде 5G-A негізіндегі AIoT дамуының стратегиясын таныстырды.

Mobile World Congress Shanghai 2025 аясында өткен GSMA IoT саммитінде Huawei компаниясының сымсыз шешімдер жөніндегі вице-президенті әрі маркетинг директоры Эрик Чжао «Барлық сценарийлі Заттар Интернеті дәуірінің қозғаушы күші ретінде 5G-A: баршаға арналған AIoT-ты жеделдету» атты бағдарламалық баяндамасын жасады.

Өз сөзінде ол Заттар Интернеті (IoT) мен жасанды интеллект (AI) технологияларының өзара ықпалдастығыөндірістен бастап қалалық басқаруға дейінгі барлық сценарийлерде интеллектуалды байланыс орнатуға жолашатынын атап өтті.

«AIoT әлеуетін іске асыру үшін үшнегізгі элемент қажет: барлық сценарийлі IoT, аса кеңжолақты желілер және салалық үлгілерге негізделген интеллектуалды қолданбалар», — деді Эрик Чжао.

Баяндаманың негізгі тезистері:

• Барлық сценарийлі IoT: 5G RedCap және AmbientIoT технологиялары құрылғылардың барлық түрлерін— өндірістік датчиктерден бастап дрондар мен жасанды интеллектке негізделген роботтарға дейін— байланыстыру мүмкіндігін кеңейтеді.

• 5G-A аса кеңжолақты желілері: гигабиттік жоғары жүктеу арнасын, өте төмен кідірісті және тұрақты қамтуды қамтамасыз етеді, бұл деректерді бірден бұлтты платформалар мен жасанды интеллект үлгілеріне жіберуге мүмкіндік береді.

• Интеллектуалды қолданбалар: өз тиімділігін қазірдің өзінде көрсетіп отыр. Мысалы, Гуандун провинциясындағы өндірістік кәсіпорында жасанды интеллектпен жабдықталған 5G HD-камераларын енгізу жөндеу шығындарын 20%-ға азайтып, жылына1 миллион юаньнан астам қаражат үнемдеуге мүмкіндік берді.

Эрик Чжао сондай-ақ бұрын қосылмаған кеңістіктер енді IoT экожүйесінің бір бөлігіне айналып жатқанын, бұл өзкезегінде инновацияларға — электр желілерін автономды тексеруден бастап қалаларды интеллектуалды басқаруға дейін — жол ашатынын айтты. Интеллектуалды қолданбалардың рөлі артып келеді, бұл салалық және сценарийлік үлгілердің жедел енгізілуінен көрініс табады. Мұндай үлгілердің тиімділігін арттыру үшін сапалы деректердің орасан зор көлемі қажет. Мысалы, ҚытайдыңГуандун провинциясындағы интеллектуалды өндірістіктзауытта жасанды интеллект алгоритмдері 5G HD камераларына біріктіріліп, өнім сапасын интеллектуалды тексеру жүйесі енгізілді. Бұл жалпы өнім сапасын жақсартып қана қоймай, жабдықтарды жөндеуге жұмсалатын шығындарды 20%-ға азайтып, жылына 1 миллион юаньнан астам қаражат үнемдеуге мүмкіндікберді.

Чжао өз баяндамасын сымсыз заттар Интернеті саласының бірлескен дамуына шақырумен аяқтады: 

«Біз салалық әріптестерімізбен бірге ұялы IoT мен жасанды интеллектті біріктіретін қолданбаларды әзірлеуді жалғастырамыз. Біз толық интеллектуалды IoT байланысының жаңа дәуіріне жол ашу үшін гүлденген экожүйе құрамыз», — деді Чжао.

MWC Shanghai 2025 көрмесі 18–20 маусым аралығында Қытайдың Шанхай қаласында өтті. Іс-шара аясында Huawei өз өнімдері мен шешімдерінің соңғы жаңалықтарын Шанхайдың жаңа халықаралық көрмеорталығының (SNIEC) N1 павильонында ұсынды.

2025 жылы 5G-Advanced технологиясы кең көлемде енгізіле бастайды. Осыған орай, Huawei компаниясы әлемдік операторлармен, сарапшылармен және салалық пікір көшбасшыларымен бірлесе отырып, цифрлық трансформацияны жеделдетуге және жасанды интеллект пен интеллектуалды байланыс негізінде жаңа өсім көздерін қалыптастыруға күш салады.

TSARKA қолдауымен