Huawei қазақ тілінде технологиялар әлеміне жол ашады
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы жаһандық көшбасшы Huawei компаниясы өз тарихын баяндайтын толығымен қазақ тіліне аударылған алғашқы кітабын ұсынды. Басылым Huawei-дің қалыптасуындағы негізгі кезеңдерді, компанияның басқару мен инновациялардағы тәсілдерін, сондай-ақ технологиялардың дамуы мен олардың қазіргі әлемге әсерін сипаттайды.
Кітаптың аудармасы Huawei-дің қазақ тілінде білім беруді қолдау және техникалық ақпараттың қолжетімділігін арттыруға бағытталған ауқымды бастамасының бір бөлігі болды. Компания жергілікті жоғары оқу орындары және зерттеу орталықтарымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп, студенттер мен оқытушыларға заманауи технологиялар мен білімге қолжетімділік ұсынады.
Іс-шарада Білім министрлігінің өкілдері, технология саласындағы сарапшылар, білім саласын ілгерілетуші блогерлер мен журналистер бас қосты. Қатысушылар білім берудегі жасанды интеллекттің рөлін, қазақ тіліндегі техникалық әдебиетті дәріптеудің қиындықтары мен келешегін, сондай-ақ цифрлық қоғамды қалыптастырудағы тілдік қолжетімділіктің рөлін талқылады.
Панельдік сессияға жетекші мәдениеттанушылар мен қазақ лингвистикасының сарапшылары қатысты, олардың қатарына Раиса Қадыр, Мақпал Жұмабай және Әлия Әшім. Қатысушылар қазақ тілді техникалық әдебиеттің өзекті мәселелері мен даму перспективаларын талқылады. Олар ғылымды дамыту, мемлекеттік тілді нығайту және білім алуға қолайлы орта құру үшін сапалы контент үлесін арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Huawei көпшілік қауым үшін жаңа жетістіктер мен технологияларға қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында білім беру бастамаларын қолдауға және қазақ тілінде білімді таратуға ерекше назар аудара отырып, Қазақстанда өз жобаларын белсенді дамытуды жалғастыруда.