Huawei цифрлық трансформация аясында Астанада 10G желісін сынақтан өткізеді

Huawei цифрлық трансформация аясында Астанада 10G желісін сынақтан өткізеді

2025 жылғы 16 маусымда Астана қаласында "Орталық Азия – Қытай" екінші индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық форумы өтті. Форум аясында Huawei Technologies Kazakhstan және «Astana Innovations» АҚ өзара түсіністік туралы маңызды меморандумға қол қойды. Бұл құжат Қазақстанда цифрлық технологиялармен телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту саласындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін ашады.

Бұл стратегиялық қадам Астанада Huawei компаниясының 10G кең жолақты желісін демонстрациялық тестілеу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруды қамтиды. Бұл шешім байланыс сапасын, цифрлық арналардың тұрақтылығын және smart city шешімдерін одан әрі дамытуға бағытталған жаңа буынның жоғары жылдамдықты қызметтерін енгізудің технологиялық негізі болады.

Жоба Астана қаласы әкімдігінің цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының қолдауыменжүзеге асырылады. Басқарма қала ортасына инновациялық технологияларды енгізуді қадағалайды және мемлекеттік сектор мен технологиялық серіктестер арасындағы байланыстырушы рөлатқарады.

«Біз Astana Innovations компаниясымен бірлесіп Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымына озық шешімдерді енгізіп жатқанымызға қуаныштымыз. Бұлжоба – ақылды және инновациялық қалаларды құружолындағы маңызды қадам. Ол Қазақстанға халықаралық аренада бәсекелік артықшылық береді», – деді Huawei Technologies Kazakhstan бас директоры Сун Ясюй.
«Huawei компаниясымен ынтымақтастығымыз Қазақстанның цифрлық болашағы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл жоба еліміздің инновациялық технологиялары мен телекоммуникациялық инфрақұрылымының дамуына маңызды үлес қосадыдеп сенеміз», – деді «Astana Innovations» АҚ басқарма төрағасы Ғизат Әмірғали.

Меморандум инновациялық технологиялар мен телекоммуникациялық жүйелердің тұрақты дамуы үшінжаңа мүмкіндіктер ашатын Қазақстанды цифрландырудың негізгі элементіне айналады.

TSARKA қолдауымен