Huawei және Qazaq Green Қазақстанда алғашқы пилоттық BESS жобасын іске қосты

2025 жылғы 28 мамырда Назарбаев Университетінде«Қазақстан энергетикасындағы BESS энергия жинақтаужүйелерінің рөлі» атты халықаралық конференция өтті. Іс-шараға мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, жетекші халықаралық компаниялар, ғылыми-зерттеу орталықтары, технологиялық көшбасшылар мен инвесторларды қоса алғанда, 300-ден астам адам қатысты.
Конференция барысында Қазақстандағы алғашқы Ақ кітап— «BESS Энергия жинақтау жүйелерін Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикасы жүйесінде қолдану» құжатының тұсаукесері ерекше назарға ие болды. Бұл аналитикалық шолу құжатын ЖЭК жөніндегі «QazaqGreen» қауымдастығы Huawei компаниясымен бірлесіп әзірледі. Онда BESS жүйелерін енгізудегі жаһандық тәжірибеге шолу, заманауи технологиялық шешімдер мен халықаралық стандарттар сипатталып, сондай-ақ Қазақстанда осы саладағы құқықтық реттеуге қатысты ұсынымдар қамтылған.
Huawei компаниясы — елдің энергетикалық жүйесініңорнықты болашағы үшін аса маңызды Battery EnergyStorage Systems (BESS) технологияларын енгізудің бастықозғаушы күшіне айналды.
Іс-шара аясында екі маңызды меморандумға қол қойылды:
• ҚР Энергетика министрлігі, «ЦАТЭК» АҚ, Huawei және«Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы арасында ЦАТЭК Green Energy жел электр станциясында алғашқы пилоттық BESS жобасын іске қосу туралы;
• Huawei мен Qazaq Green қауымдастығы арасында энергия сақтау жүйелері саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық және Қазақстандағы жаңа бірлескен жобаларды пысықтау туралы.
Пилоттық жоба аясында Huawei қуаттылығы 4,4 МВт болатын BESS жүйесін жеткізіп, жыл бойы техникалықсүйемелдеу мен мониторинг жүргізеді. Бұл жоба жаңартылатын энергия көздерінен алынатын энергияны сақтау тиімділігін көрсетуге арналған нақты тәжірибелікалаңға айналады және елімізде BESS технологияларын кеңкөлемде енгізуге жасалған маңызды қадам болмақ.
Конференция профессор Жұмабай Бәкеновтің (Назарбаев Университеті) төрағалығымен өткен ғылыми сессиямен аяқталды. Онда энергия жинақтау саласындағы инновациялар мен материалдар, соның ішінде BESS дамуы үшін стратегиялық ресурс болып табылатын литий тақырыптары талқыланды.
Huawei Қазақстанда тек қатысушы ғана емес, елдің энергетикалық болашағын белсенді қалыптастыруға дайын сенімді серіктес ретіндегі ұстанымын одан әрі нығайтуда.