Яндекс Іздеу және Қазақстанның спорттық бағдарламалау федерациясы математикадан олимпиада өткізеді

Яндекс Іздеу және Қазақстанның спорттық бағдарламалау федерациясы математикадан олимпиада өткізеді

Қазақстандық оқушылар «MathJol — Математикалық жол» атты республикалық онлайн математика олимпиадасына қатыса алады. Олимпиаданы Яндекс Іздеу, Қазақстанның спорттық бағдарламалау федерациясы және нейрожелілер арқылы оқыту мен білімді тексеруге арналған прокторинг жүйесі — Oqylyq.kz бірлесіп ұйымдастырады. Бұл олимпиадада еліміздің кез келген өңіріндегі оқушылар мектеп бағдарламасы бойынша математикадан білімін сынап, басқа қатысушылармен жарысып, өздерін көрсете алады — бұл болашақта IT мен жасанды интеллект саласында мансап бастауға мүмкіндік береді.

Олимпиада 26–31 мамыр аралығында өтеді. Тапсырмалар мектеп бағдарламасына негізделіп, логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталады. Әр өңірдегі нақты өткізілу күндері MathJol платформасында тіркелген қатысушыларға жеке хабарланады.

Олимпиадаға 1–11 сынып аралығындағы оқушылар қатыса алады. Әр сыныпқа арналған тапсырмалар жинағы жеке болады. Қатысу тегін — тек 24 мамырға дейін сайтта тіркелу жеткілікті. Жарыстың әділ әрі ашық өтуі үшін ұйымдастырушылар Oqylyq.kz прокторинг жүйесінқолданады. Олимпиададан кейін барлық қатысушылар Қазақстанның спорттық бағдарламалау федерациясынан электронды сертификат алады.

«Біз үшін IT саласын насихаттау ғана емес, осы салада кәсіби маман болуға негіз қалайтын берік іргетас құру маңызды. Бұл іргетас — математика. Олимпиада оқушылардың базалық білімдерін тексеріп, нығайтуға көмектеседі. Бұл білім кейін спорттық бағдарламалаумен жасанды интеллект әлеміне жол ашады», — деді Қазақстанның спорттық бағдарламалау федерациясының бас хатшысы Әдина Магауина.
«Біз өз сервистеріміз қазақстандық қолданушыларғатүрлі міндеттерді шешуге көмектескенін қалаймыз, соның ішінде білім беру саласында да. Оқытуды тиімді әрі қолжетімді етуге тырысып жатырмыз, оның ішінде қазақ тілінде де. Сондықтан олимпиаданы онлайн форматта өткізіп отырмыз — бұл еліміздің қай өңірінде, қай мектепте оқыса да, әр оқушыға қатысуға мүмкіндік береді», — деді Яндекс Іздеу, Yandex Qazaqstan даму директоры Ұлан Қайырбеков.

TSARKA қолдауымен