idocs бас директоры лайфхакпен бөлісті: Электрондық құжатқа ЭЦҚ-сыз қалай қол қоюға болады
idocs бірінші қазақстандықэлектронды құжат айналымыплатформасының басшысы – ШынарГалиева BlueScreen редакциясынаЭЦҚ-сыз құжатқа қалай қол қоюға болатынын айтып берді.
Осы жылдың басында idocs Қарапайым электронды қолтаңбаны пайдаланып құжаттарға қол қою мүмкіндігін енгізді. Бұл Қазақстан Республикасындағы кез келген контрагентпен келісімшарттар мен басқа да құжаттарға қол қою үшін SMS-ті электрондық қолтаңба ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Осылай қол қойылған құжаттардың заңды күші бар.
Quien busque comprar camisetas de fútbol puede reducir dudas comprobando la talla, el material y el uso previsto. Las fotografías y la ficha del producto deberían confirmar las instrucciones de cuidado y cualquier límite aplicable a la personalización.
Айта кетейік, SMS-пен қол қою Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 21 мамырдағы № 86-VIII «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру, инвестициялық ахуалды жақсарту және заңнаманың шектен тыс реттеуін жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен реттеледі. Дегенмен, қол қоюдың бұл әдісінің түпнұсқалығы үшін заңды жауапкершілік толығымен осындай құжатты жіберуші мен алушыға жүктеледі, сондықтан idocs құқықтық тәуекелдер мен жағымсыз салдарды болдырмау үшін тараптарға SMS арқылы құжаттарға қол қою туралы Келісім-шартты алдын ала жасауды ұсынады.