«Ертеңге үміт»: Samsung Solve For Tomorrow жобалары әлемді қалай өзгертіп жатыр

5 жылдан бері Samsung компаниясы жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі мектеп оқушыларын әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге арналған арнайы алаңмен қамтамасыз етіп, «Solve For Tomorrow» стартаптар байқауын өткізіп келеді. Жыл сайын жас көшбасшылар мен инноваторлар жақсы болашақты құру бойынша өз идеяларын ұсынады, оларды байқаудың жартылай финалында пысықтайды, өздерінің стартаптарын кезең-кезеңмен дамыту үшін тренингтерден өтеді және финалға қатысады, тамаша жүлделер, қажетті нетворкинг және көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесіне ие болады.
Осы жылдар ішінде Samsung Solve For Tomorrow-ға арамшөп туыдартын қиындықтарды жасанды интеллектпен шешуден бастап өртті сөндіруге арналған шағын робот жасауға дейін әртүрлі салаларда 2500-ден астам идея түсті. Бұл мақалада Samsung Newsroom Қазақстан редакциясы өндірістік қуатқа шыға бастаған және қазақстандықтардың өмірін шынымен өзгерткен үш жоба туралы айтып береді.
Úmit: Шектеусіз мүмкіндіктерге арналған тіссауыты

Úmit – 2024 жылы құрылған Тараздық мектеп оқушыларының стартапы. Олар мүгедектер арбасын, телефонды, ноутбукты және басқа да техникалық құрылғыларды тіл мен бастың қозғалысы арқылы басқаруға мүмкіндік беретін арнайы ті сауытын жасап шығарды. Құрылғы ауыздағы трекерлер арқылы сигналдар жібереді, сонымен қатар бастың қисаюын ескереді, бұл пайдаланушыға әртүрлі әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді. Осы жобаның арқасында «Үміт» командасы «Solve for Tomorrow 2024» байқауында үшінші орын алып, бір миллион теңге грантқа ие болды.
Бірақ жас дарындар мұнымен тоқтап қалмады. Олар ақшалай сыйлықты жобаны одан әрі дамытуға жұмсады, сонымен бірге халықаралық Red Bull Basement байқауына қатысуға өтінім берді. Samsung Solve for Tomorrow бағдарламасында жинақталған тәжірибенің арқасында олар барлық кезеңдерден еркін өтіп, ұлттық кезеңнің жеңімпаздары атанды, бұл Úmit -ке Токиоға әлемдік финалға баруға бірегей мүмкіндік берді.
Samsung пен Red Bull гранттарын алған балаларөнертабыстарын жақсартып, оны ыңғайлы, жылдам және қауіпсіз етті. Ең үлкен жақсарту AI интеграциясы болды. Жүйе тұтынушылар үлгілерінен үйренеді және әрекеттерге жауап беріп қана қоймай, оларды болжайды. Мысалы, егер пайдаланушы тіктөртбұрыш салғысы келсе, AI оны автоматты түрде туралайды. Егер көрсеткіш, мысалы, WhatsApp белгішесіне жылжыса, жүйенің өзі қалаған белгішені көрсетеді. Тағы бір жаңалық - электрлік мүгедектер арбасы, оның қозғалтқыштары тікелей ауыз қуысына қосылған. Басқару интуитивті және жылдам болды. Осы жаңартулардың барлығы AICA Awards марапатына қатысуға әкелді, онда Úmit командасы Орталық Азияның 60-тан астам жобалары арасында «Үздік AI стартапы» номинациясында бірінші орынды жеңіп алды.

Ең бастысы, бұл жетістіктер Úmit-ке қазақстандық қоғамға технологияның барған сайын инклюзивті болуы және әр адамның өмірін жақсарту керек екенін көрсетуге көмектеседі. Команда қазір инновациялық қызметін кеңейту және халықаралық үдеткіштерге қатысу үшін жаңа инвесторлар мен гранттарды іздеуде. Олар өз зертханасын ашып, қажетті құрал-саймандар мен жабдықтарды сатып алып, өндірістік желіні іске қосуды жоспарлап отыр.
Senimplus: Өндірістегі қауіпсіздік

Solve For Tomorrow 2022 шарасына қатысқан ақтаулық мектеп оқушылары JavaScript және Python тілдерінде робот-терапевтке арналған бағдарлама жазып, пішінді 3D принтерде басып шығарып, түрлі сенсорларды орнатты. Құрылғы Ақтау қаласындағы мектептердің бірінде және жеке емханада сынақтан сәтті өтті. «Solve for Tomorrow 2022» байқауында команда финалистер қатарынан көрініп, 300 000 теңге ұтып алды. Бірақ жас әзірлеушілер үшін ең бастысы тәлімгерлік сабақтарында алған білімдері болды. IT мамандары мектеп оқушыларының өнертабыстарын жан-жақты талдап, бизнес-модель және одан әрі позициялау бойынша кеңестер берді.
Нәтижесінде олар мақсатты аудиторияны өзгертті. Емдеу мекемелеріндегі науқастардың орнына өндірістік кәсіпорындардың қызметкерлері таңдалды. Жаңартылған құрылғының мәні – жұмысшыларды ауысым алдындағы медициналық тексеруден өткізу. Белгілі болғандай, қазақстандық бизнес пен мемлекеттік секторда өндірістік тәуекелдерге әкелетін медициналық жағдайларды тіркеуде проблемалар орын алып отыр.
Стартапқа қатысушының айтуынша, Senimplus 2024 жылдың 5 қарашасында өз жобасына патент алған. Қазір құрылғы толықтай жұмыс істеп тұр және олар енді өндірісті жалғастыруда. Қызметкерлердің денсаулығын анықтап, олардың жұмысқа мас күйде келуіне жол бермейтін бұл құрылғыны Маңғыстау облысындағы жеке және мемлекеттік бірқатар кәсіпорындар мен зауыттар қолдана бастады. Face ID құрылғысын пайдалана отырып, ол сонымен қатар қызметкердің формасын (каска, қолғап) тексере алады, бұл оның жағдайының жалпы көрінісін толықтырады.

Дәл қазір әзірлеушілер Ақтаудағы қан орталығымен серіктестік орнату үстінде. «Осы серіктестік аясында біз донорлардың мәртебесін алдын ала тексеруге мүмкіндік беретін жүйені енгізуді жоспарлап отырмыз», - деп түсіндірді стартапқа қатысушы Камила Қуатова. Сондай-ақ олар Қазақстандағы өндірісті сақтай отырып, роботтарды Еуропаға экспорттай отырып, құрылғыны Еуропа нарығына шығаруды жоспарлап отыр.
Kazbionics: Көмек көрсететін қол-протез

Kazbionics – бұл мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жоғары технологиялық бионикалық қол әзірлейтін шымкенттік мектеп оқушыларының қазақстандық стартапы. Kazbionics-тің негізгі миссиясы – қолжетімді бағамен жаңа технологияларды енгізу арқылы толыққанды өмір сүру жағдайын жасау. Kazbionics толық цифрлық трансформацияға ұмтылады.
Команда екі рет Solve For Tomorrow-ға қатысты. 2021 жылы олар жартылай финалға шықты, бірақ тіркелу сәтсіз болғандықтан бұл кезеңнен өте алмады. Дегенмен, олар бас тартпай, өнертабыстарын дамытуды жалғастырды. Бұл табандылық олардың Solve For Tomorrow 2022байқауына тағы бір рет қатысуына себепгі болып,олар үшінші орынды иеленеді. 2022 жылғы 5 айішінде стартап тек ауызша жарнама арқылы бионикалық қолға 150-ге жуық өтінімді қабылдады.
Solve For Tomorrow бағдарламасына қатысқаннан кейін KazBionics командасы үш жыл бойы бионикалық протезді қарқынды әзірлеуге және бета-сынақтан өткізуге арнады. Қазіргі уақытта стартапта 4 пайдаланушы және 1 белсенді бета-тест бар. Байқау нәтижесінде олар 5 миллион теңге көлеміндегі мемлекеттік грантты да жеңіп алды, бұл Kazbionics-тің дамуы мен өндіріске дайындықты жеделдетуге мүмкіндік берді.
Дәл қазір олар ауқымды кеңейту үшін стратегиялық серіктестіктерге ашық. Kazbionics жақын арада өнімнің коммерциялық нұсқасын шығарып, B2B нарығына шығады. Бұл біріктірілген QWD жүйесі бар ТМД елдеріндегі алғашқы бионикалық протез болмақ.

Олар Қазақстандағы ортопедиялық орталықтардың бірінде жұмыс істейтін Түркиядан келген протезист-дәрігермен де жұмыс істеп жатыр. Оның көмегінің арқасында Kazbionics ортопедиялық мекемелермен серіктестік желісін белсенді түрде кеңейтуде.
Бұл «Solve For Tomorrow-да» оқытуды сәтті аяқтаған мектеп оқушыларының тамаша жобаларының бір бөлігі ғана. 5 жыл ішінде жоба жас инноваторларға өз стартаптарын құруға мүмкіндік беріп қана қоймай, әлемді жақсы жаққа өзгертуге дайын, болашағына бей-жай қарамайтын жастардың үлкен қауымдастығына серпін беріп, бүкіл Қазақстан бойынша STEM -біліміне орасан зор үлес қосты. Бар болғаны платформа мен қолдау қажет.
Ал биылғы жылы байқау 3400-ден астам қатысушымен 992 жоба көлеміндегі өтінімдер саны бойынша рекордты жаңартып, жаңа шарықтау шегіне жетті. 16 маусымда Алматыда бірінші тәлімгер сессиясы өтті, оның барысында өткен жартылай финалистер дизайн-пайымдауды үйренді, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген басқа командалармен кездесті, тіпті бір кездері Senimplus командасының мүшлері сияқты өз жобасының тұжырымдамасына көзқарасын өзгертті. Қыркүйек айында ең дамыған стартаптар байқаудың финалына шығады, кім біледі, бәлкім, олардың кейбіреулері шыңға жетіп, тіпті өткен жылдардағыбалаларды басып озып, көптеген қазақстандықтардың өмірін өзгертіп, жақсартар бәлкім.