Еуразиялық банк өз қызметкерлерінің әлеуметтік жобаларын гранттармен қолдады

Еуразиялық банк 30 жылдық мерейтойы қарсаңында өз қызметкерлері арасында алғашқы волонтерлік жобалар байқауын аяқтады. Банк қызметкерлері мұқтаж жандарға көмек көрсетуге бағытталған идеяларды ұсынуға және іске асыруға мүмкіндік алды, ал банк оларға қаржылық және сараптамалық қолдау көрсетті. Жоба операторы "I AM PART OF KAZAKHSTAN" қайырымдылық қоры болып табылады.
Бұл байқау корпоративтік еріктілік арқылы қайырымдылық ұйымдастырылған банк секторындағы осындай алғашқы тәжірибе болды.

Конкурсқа өтінімдер "қоршаған орта", "жаңа білім алу", "спорттық даму", "жануарларға көмек", "әлеуметтік инфрақұрылым" секілді бірнеше бағыт бойынша қабылданған еді.
Қатысушыларға ыңғайлы болу үшін тәжірибе алмасу және сарапшылардан кеңес алу мақсатында еріктілер клубы құрылды. Клуб өз қызметін конкурс аяқталғаннан кейін де жалғастыруда.

Байқауға еліміздің алты өңірінен 10-нан астам өтінім келіп түсті. Нәтижесінде тәуелсіз мамандар құралған комиссия қаржыландыру үшін төрт жобаны таңдады.
Сарапшылардың ең көп дауысын аутизмі бар балалардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсетуге бағытталған "Senim Otbasy/Senim Support" жобасы жинады. Нәтижесінде 100-ден астам ата-ана, оның ішінде банк қызметкерлері психологтардан жеке кеңес алып, арнайы шеберлік сабақтарына қатысты.
Белгілі болғандай, банкте жұмыс істейтіндердің арасында жануарларды сүйетіндер де жеткілікті екен – үйсіз жануарларға көмек көрсетудің екі бірдей жобасы гранттарға ие болды. Оның бірі – "ДОС" үйсіз жануарларға арналған панажай базасында алғашқы еуразиялық әлеуметтік ветеринарлық клиниканы құру үшін, ол жерде енді иелері толық төлем жасай алмайтын үйсіз және үй жануарларын тегін емдеу жүргізілуде. Басқа грант есебінен еріктілер Алматы маңындағы "Счастливый питомец" панажайына су мен коммуникация өткізді.

Қостанай облысының Свердловка ауылында балалар алаңы құрылады, ал Алматыдағы "Счастливый питомец" панажайында 273 итті күтіп-баптау талаптары жақсартылады. Осы жобалардың барлығы банк қызметкерлерінің белсенді қатысуымен қолдауға ие болды.
Финалға шықпаған кейбір жобалар нақтыланғаннан кейін келесі жылы жүзеге асырылуы мүмкін. Бірінші әлеуметтік жобалар байқауының қорытындыларынан шабыттанған жандар номинациялары мен білім беру бағдарламаларын көбейте отырып, жаңа серіктестермен және бұдан да ауқымды бастамаларды көтерумен оны банкте 2025 жылы жалғастыруды жоспарлауда.