Еуропалық Одақ “Жасанды интеллект туралы” заңды ресми түрде бекітті

Еуропалық Одақ “Жасанды интеллект туралы” заңды ресми түрде бекітті

Бұл акт 2024 жылдың 1 тамызынан бастап күшіне енеді. Сондай-ақ Еуропалық Одақта жасанды интеллект технологияларын әзірлеу мен қолданудың қатаң ережелері пайда болады.

– азаматтардың құқықтарына қауіп төндіретін, оның ішінде адамның жыныстық көзқарасы немесе діни көзқарасына қайшы келетін қосымшаларды пайдалануға тыйым салынады

– интернеттен адамдардың суреттерін немесе бақылау камераларынан жазбаларды рұқсатсыз алуға тыйым салынады

 – ЖИ жүйелерін әзірлеушілерден олардың технологиялары қалай жұмыс істейтіні туралы ақпарат ашық болуы керек. Сондай-ақ пайдаланылған деректердің қысқаша мазмұны жазылуы тиіс

 – компанияларда сәйкестік талаптарын, эталондарды және т.б. сипаттайтын ережелер жинағынан тұратын тәжірибе кодекстері болады;

 – «әмбебап AI жүйелері» түсінігі енгізілді, мысалы, чат-боттар, олар авторлық құқықты құрметтеуге және алгоритмдеріне қатысты ашықтыққа ие болуы керек;

 Заңды жүзеге асырудың соңғы мерзімі 2025 жылдың 2 ақпанына дейін белгіленген. Одан кейін технологиялық компаниялар азаматтардың құқықтарына қауіп төндіретін қосымшаларды пайдалануды тоқтатуы керек.

Айта кетейік, заңды өрескел бұзғандарға 38 миллион долларға дейін айыппұл қарастырылған.

Заңға қатысты ақпараттың толық нұсқасын ЕО ресми сайтынан оқи аласыздар.

TSARKA қолдауымен