«Әйелдер – ЖИ серпілісінің жүрегінде: Қазақстан цифрлық болашақтың қаһармандарын қалай даярлап жатыр»

2025 жылғы Digital Bridge халықаралық конференциясы аясында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия және «TechnoWomen» коммерциялық емес ұйымы қыздар мен әйелдердің технологиялық индустрияға тартылуы бойынша жұмыстың нәтижелерін ұсынып, 2025 жылғы
AqylTech және IT-Aiel екі ірі білім беру бағдарламасының қорытындыларын шығарды. 2025 жыл AqylTech және IT-Aiel жобаларының қарқынды өсу жылы болды. Олар онлайн және офлайн форматында Қазақстанның барлық өңірлерінен 10 000-нан астам қатысушыны қамтыды. Бүгінде қазақстандық әйелдер білім беру және зерттеу саласында белсенді.
Әйелдер барлық магистранттардың 57,5%-ын, докторанттардың 61,7%-ын құрайды. Қыздар мен әйелдердің ІТ және цифрлық мамандықтарға қызығушылығы артуда:
• ІКТ мамандықтарындағы қыздардың үлесі 20%-ға жетті,
• телекоммуникация саласында – 46%,
• ақпараттық қауіпсіздік мамандықтарында – 30%,
• зерттеушілер арасында – 55,6%,
• әйелдер стартаптарының үлесі – 23%.
Елде түрлі бағдарламалар жүзеге асуда, олар қыздар мен әйелдерге цифрлық дағдыларын тегін дамытуға және жаңа мамандықтарды игеруге мүмкіндік береді.
Technovation Girls Kazakhstan бағдарламасы 2024 жылы 1400-ден астам қызды қамтыды, TechOrda (Astana Hub) бағдарламасында оқитын әйелдердің үлесі 47,7%-ға өсті.
Ұлттық комиссия мен «TechnoWomen» қолдауымен бірқатар әлеуметтік жобалар іске асуда:
• Cyber Safe for Women (3 500 қатысушы),
• TechGirls (4 800 қыз),
• Robotechnogirls жазғы лагері (150-ден астам қыз робототехника бойынша білім алды).Ең танымал жоба – IT-Aiel, 2023 жылдан бері жүзеге асуда. Бұл бағдарлама әйелдерге цифрлық дағдыларды дамытуға, қаржылық сауаттылықты арттыруға және жаңа мансаптық мүмкіндіктерге жол ашуға бағытталған.
Бағдарлама аясында әйелдер жаңа мамандықтарды меңгереді: промпт-инжиниринг, чат-бот жасаушы, ЖИ-дизайнер, бағдарламалық жасақтаманы тестілеуші, сондай-ақ киберқауіпсіздік пен киберқылмыстың алдын алу. 2023–2025 жылдары бағдарламаға 21 000-нан астам қыздар мен әйелдер қатысты.
IT-Aiel 2025 негізгі нәтижелері:
• 4 000-нан астам әйел оқудан өтіп, сертификат алды.
• Жас санаты: 36–45 жас – 71%, 45+ – 29%.
Қатысушылардың қызмет саласы:
• Жұмыс істейтіндер – 1 653 (41%)
• Үй шаруасындағы әйелдер – 711 (17%)
• Уақытша жұмыссыздар – 623 (15%)
• Кәсіпкерлер – 686 (17%)
• Фрилансерлер – 367 (9%)
Әрбір үшінші қатысушы (32%) тұрақты жұмысы жоқ болған.
Өңірлік қамту:
• Астана – 1 529 (37%)
• Алматы – 844 (21%)
• Қарағанды облысы – 187
• Алматы облысы – 242
• Ақтөбе облысы – 168
• Батыс Қазақстан облысы – 105
• Басқа өңірлер – 16-дан 98-ге дейін
Ең белсенді қатысушылар – Астана және Алматы ққ. (58%), бірақ өңірлердің үлесі де жоғары – 42%.
Бағдарлама нәтижесінде әйелдер:
• онлайн-бизнес ашып, маркетплейстерге шықты,
• ЖИ мамандықтарын меңгерді: чат-бот жасаушы, ЖИ-дизайнер, промп— инженер, тестировщик, цифрлық маркетолог.
• 1334 әйел жұмыссыз немесе декретте отырып жаңа мансап бастады.
• 70%-дан астамы қаржылық жоспарлау мен финтех-қосымшаларды
қолдануды үйренді.
• Жобалар туралы 500 000-нан астам адам медиа мен әлеуметтік желілерден білді.
Жүргізілген іс-шаралар:
• 20-дан астам офлайн-воркшоп (Шымкент, Түркістан, Алматы, Ақтау, Қосшы, Петропавл, Қарағанды, Павлодар және т.б.).
• 40-тан астам онлайн-вебинар мен IT-шарай (IT-чай).
• E-Skills білім беру платформасы іске қосылды.
• Мемлекеттік құрылымдармен, ЖОО-лармен, ғылыми орталықтармен және әйелдер қауымдастықтарымен меморандумдарға қол қойылды.
IT-Aiel жобасы жаңа ЖИ мамандықтарын меңгеру әйелдерге, әсіресе 40+ жастағыларға, ІТ саласына кіруге мүмкіндік беретінін дәлелдеді.
2025 жылы жоба Қазақстаннан тысқары шықты: 78 қатысушы Түркия, Өзбекстан және Қырғызстаннан оқуға қатысты. Астана мен Алматыда шамамен 4 000 қатысушы бірге оқыды – бұл қалалар цифрлық білім берудің драйверіне айналды.
Жобалар келесі серіктестердің қолдауымен жүзеге асты:
• ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия;
• ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі;
• ЦПГИ (Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы);
• Astana Hub – Орталық Азиядағы ең ірі IT-хаб;
• YASSA Education – білім гранттары мен АҚШ-тағы халықаралық оқу модульдері;
• Отбасы қолдау орталықтары және Жастар ресурстық орталықтары - өңірлердегі білім жобаларын тарату.