inDrive Астанада арт-жоба іске қосты: ақындардың өлеңдері сервис көліктерінде пайда болды

Поэзия Астана көшелеріне шығады. Қазақстандық жас авторлардың өлеңдерін енді кітаптардан ғана емес, қаланы күнде аралап жүретін inDrive автокөліктерінің есіктерінен оқуға болады. Осылайша, қарапайым көліктер — поэзия жинағына, ал елорда — эмоция мен өнер кеңістігіне айналды.
inDrive жаһандық көлік және қала қызметтері платформасы жас авторларды «inDrive дыбыстаған» арт-жобасының астына біріктірді. Қазақстанның түкпір – түкпірінен шыққан бес автор — Қайырбек Салтанат, Сұлтанқожа Айжарық, Аманжол Ақжан, Рысимбетова Алия және Нұртілеу Қадырқұл жол, қозғалыс және сүйікті қалалары туралы өлең жолдарын көпшілікке ұсынды. Жобаның мақсаты — әділетсіз ұмытылып бара жатқан өнерге айналған қазіргі поэзияға назар аударту және жаңадан өлең жаза бастаған авторларды қолдау.
Жоба digital түрде де жалғасты. Жобаның негізінде мәңгілік ішкі қозғалыстың, бір күйден екінші күйге сырғып өтудің метафоралық идеясы жатыр. Қысқа бейнероликтер сериясында ақындардың жүзі — өтіп бара жатқан адамдардың силуэттері, елорданың түнгі шамдары, зәулім ғимараттардағы көріністер — қала адамның ішінде өмір сүріп жатқандай Астананың бейнесіне айналады. Бұл көрнекі баяндау қозғалыс тек сыртқы емес, сонымен қатар ішкі – эмоционалды және шығармашылық болуы мүмкін екенін көрсетеді және поэзияны қала өмірінің бір бөлігіне айналдырады.
Бейнелерді inDrive-тың Instagram парақшасынан көруге болады. Аудио формат әуесқойлары өлеңдерді Apple Music, Spotify, VK Music, YouTube Music және Яндекс.Музыка платформаларында таба алады