Интерактивті жарнама мен ЖИ: оны Қазақстандағы тұтынушылар қалай қабылдайды

Интерактивті жарнама мен ЖИ: оны Қазақстандағы тұтынушылар қалай қабылдайды

Қазақстандағы жарнама нарығы қарқынды түрде өзгеріп келеді. Бұрын баннерлер мен статикалық хабарландыруларға басымдық берілсе, бүгінде коммуникация динамикалық әрі тартымды бола бастады. Тұтынушы енді тек көрермен болуға дайын емес: ол үдерістің қатысушысы болып, өзара әрекет сценарийін таңдауды және жекелендірілген тәжірибені алуды қалайды. Дәл осы қиылысында интерактивті форматтар мен жасанды интеллект технологиялары пайда болуда.

Классикадан – қатысуға дейін

Интерактивті жарнама тек эффектілердің арқасында ғана жұмыс істемейді. Оның басты артықшылығы – тартылу. Адам тауардың 3D-моделін өзі айналдырғанда, өнімді AR арқылы «қолдан» көргенде немесе шағын тесттен өткенде ақпарат әлдеқайда жақсы есте қалады. Қазақстанда бұл әсіресе fashion, электроника және e-commerce сегменттерінде айқын байқалады: брендтер кликабельділіктің өскенін және өнімдерге қызығушылықтың артқанын тіркеп отыр.

Жасанды интеллект әсерді күшейтеді. Ол модельдер құрып, пайдаланушылардың реакциясын болжайды және кампания басталғанға дейін креативтерді оңтайландырады. Осылайша, компаниялар тек әсерлі форматты ғана емес, нақты нәтижеге жұмыс істейтін құралды алады.

Мегаполистер мен өңірлер: түрлі сценарий

Еліміздің әр бөлігінде интерактивті жарнамаға деген реакция әртүрлі. Алматы мен Астанадағы 18–30 жас аралығындағы аудитория жарнаманы цифрлық мәдениеттің бөлігі ретінде қабылдайды: мұнда эмоциялар, геймификация және визуалды жаңашылдықтар жоғары бағаланады. 3D-баннерлер мен AR-маскалар дәстүрлі форматтарға қарағанда сенім мен назарды көбірек аударады.

Ал Шымкент пен Қарағанды сияқты өңірлерде көзқарас прагматикалық. Мұндағы пайдаланушылар жарнамадан пайда күтеді: жеткізу есебін бірден көруді, мессенджерге өтіп кетуді немесе бағаны нақты көрсетуді қалайды. Бұл аудитория үшін интерактив – ең алдымен шешім қабылдауды жеңілдететін сервис.

Сондықтан бизнес үшін географияны ескеру маңызды: мегаполистерде жарнама эмоция берсе, өңірлерде уақытты үнемдеп, таңдауды жеңілдетуі тиіс.

Жасанды интеллекттің рөлі

Жасанды интеллект интерактивті форматтарды дамытудағы басты құралға айналды. Оның қолданылуын үш бағытқа бөлуге болады:

  • өзара әрекет сценарийлерін жекелендіру;
  • контент жасауды автоматтандыру (3D-модельдер, баннерлер);
  • кампанияларды нақты уақытта болжау және түзету.

Қазақстанда ритейлерлер қазірдің өзінде цифрлық дүкендердің аналогтарын сынақтан өткізуде: пайдаланушы виртуалды залға «кіріп», сөрелерді қарастырады, ал алгоритмдер оның сатып алу тарихына сүйене отырып тауарларды ұсынады.

Бизнес нәтижені қалай бағалайды

Егер әсерлі формат сатылымға ықпалын өлшей алмаса, мәнін жоғалтады. Сондықтан компаниялар сквозной аналитикаға көшіп жатыр. Calltouch бизнес-даму сервисі нақты хабарландыруды пайдаланушының әрекетімен — кликтен қоңырауға дейін, одан сатып алуға дейін — байланыстыра алады. Бұл арналарды салыстырып, бюджеттерді оңтайландыруға көмектеседі, әсіресе ресурстары шектеулі жергілікті брендтер үшін.

«Біз компаниялардың ЖИ-ды интерактивті форматтарда белсенді қолдана бастағанын көріп отырмыз. Бұл тек әсерлі баннерлер немесе модельдер жасау емес, аудиторияның реакциясын дәл өлшеу туралы. Біз бұл үдерісті ашық етеміз: алғашқы байланыстан соңғы сатып алуға дейін. Ал Calltouch ЖИ-ассистенті барлық деректерді түсінікті есептерге жинап, басшыға бөлім жұмысына толық талдау жасауға мүмкіндік береді. Бұл шешімдерді интуицияға емес, нақты деректерге сүйеніп қабылдауға көмектеседі», — дейді Calltouch компаниясының СЕО-сы Артур Саркисян.

Нарық қайда бет алуда

Алдағы жылдары ЖИ-мен толықтырылған интерактивті форматтар Қазақстандағы жарнаманың жаңа стандартына айналады. AR-жарнамалар саны өседі, виртуалды шоу-румдар мен жекелендірілген видеороликтер пайда болады, онда сценарий көрерменге бейімделеді.

Брендтер үшін бұл бірегей тәжірибе ұсыну мүмкіндігі: киімді онлайн-қалыпта «қалыптап көруден» бастап, автокөлікті смартфоннан-ақ тест-драйвтан өткізуге дейін.

Алайда басты акцент өзгермейді: интерактив пен жасанды интеллект тек әдемі эффект емес, тұтынушыларды түсінуге және олармен саналы диалог құруға көмектесетін құрал болуы керек.

TSARKA қолдауымен