«Ирина Кайратовна» табысының сыры неде? CRM CONF 2025 іс-шарасында ең сәтті кейстер көрсетілді

«Ирина Кайратовна» табысының сыры неде? CRM CONF 2025 іс-шарасында ең сәтті кейстер көрсетілді

 Қазір аудиторияның толық назарын аудару – оңай шаруа емес. Дегенмен CRM CONF 2025 конференциясының спикерлері бұл міндетті сәтті орындаған адамдар. Олар шара барысында өз бизнестерінің даму тарихымен бөлісті. Көрермен өзбекстандық шоколад өндірушісінің өз бренді айналасында қауымдастық қалыптастырғаны, желілік маркетингтегі кәсіпкер әйелдің Битрикс24 арқылы табысты команда құрғаны және «Ирина Кайратовна» тобының дезодорант жарнамасы бар вирусқа айналған трегі YouTube-та 300 миллионнан астам қаралым жинағаны жайлы естіді.

Кәсіпкерлерге арналған жылдың басты оқиғасы

2025 жылдың 22 қазанында Орталық Азия кәсіпкерлері үшін ең айтулы шаралардың бірі – CRM CONF 2025 онлайн-форумы өтті. Битрикс24 Қазақстан ұйымдастырған бұл форум өзінің он жылдық мерейтойын атап өтті. Конференцияның тақырыбы – «Нақты бизнес кейстер» болды.

Шара тәжірибе алмасу алаңы ғана емес – шабыт пен жаңа мүмкіндіктер көзіне айналды. Қатысушылар нақты табыстар мен қиындықтар туралы естіп, практикалық кеңестер мен жаңа идеялар алды, сондай-ақ бейресми ортада пайдалы таныстықтар орнатты.

Конференцияның басты спикері – еліміздің ең танымал топтарының бірі – «Ирина Кайратовна» ұжымының коммерциялық продюсері Мария Мун болды. Ол вирустық маркетингтің ішкі құпияларымен бөлісті және брендтерге креативті коллаборациялар арқылы табысқа жетудің жолын көрсетті.

– «Ирина Кайратовна» кейсі – бұл сирек кездесетін, күрделі, бірақ есте қаларлық әрі әсерлі коллаборация түрі. Мұнда тек брендке немесе әртіске пайда әкелу емес, қоғамдағы мәдени өзгеріс пен әлеуметтік үн тудыру мақсаты тұр. Егер сіз тек сатылымды емес, қоғамдағы өзекті тақырыптарды қозғап, оларды өз брендіңізбен байланыстыра алсаңыз – міне, сол кезде нағыз резонанс пайда болады. Мұнда этика мен мағыналық үйлесім шешуші рөл атқарады, – деді Мария Мун.

Келесі спикер – блогер және кәсіпкер, ерлер киім бренді ZERO-ның негізін қалаушы Исламбек Шарипов. Ол бизнесін автоматтандыру тәжірибесімен бөлісіп, қателіктер арқылы жүйелі табысқа қалай жеткенін әңгімеледі.

– Бізде сатушылар тапсырыстарды уақытылы өңдемей, клиенттер жоғала бастады. Жауап екі-үш күннен кейін берілетін, ал бұл уақытта адамдардың қызығушылығы жоғалтатын. Ақша қайда кетіп жатқанын түсінбедік. Сол кезде құрылымсыз өсім болмайтынын түсіндім. Егер бір нүктеде тәртіп болмаса, жаңа филиал ашқанда сіз хаосты көбейтесіз. Сол себепті біз жүйе құруды бастадық және нәтижесінде 10 дүкенге дейін жеттік, – дейді Исламбек.

Көрермендердің ерекше ықыласына ие болған кейстердің бірі – Mary Kay компаниясының өкілі, бизнес-тренер Мадина Саулебаеваның баяндамасы. Ол Битрикс24 платформасын тиімді пайдаланып, клиенттер мен сатылымдарды басқаруды автоматтандырғанын, командалық коммуникацияны жақсартқанын және процестерді оңтайландырғанын айтты.

– Мен ұзақ уақыт Mary Kay-де жұмыс істедім және компания ұсынған құралдарды қолданып келдім. Бірақ 2018 жылы Битрикс24-пен танысқанда, оның мүмкіндіктері мені таңғалдырды. Соңғы кезде біз Коллабты қолданып, бейнеқоңырау қорытындысы бойынша түйіндеме жасау қызметін тестілеуді бастадық. Жасанды интеллект кім сөйлейтінін – бастысы, әдеп сақталуы керек. Ал менің сүйікті функциям – смарт-процестер. Қазір мен «сату директорының цифрлық жұмыс орнын» жасап жатырмын. Таңертеңгі сегізден бастап Битрикс24-ке кірем де, күні бойы сол жерде жұмыс істеймін, – дейді Саулебаева.

CRM CONF 2025 конференциясы бір нәрсені анық көрсетті: қазіргі табысты бизнес – ол адамдар мен технологиялардың дұрыс үйлесімі. Кәсіпкердің шабытын CRM құралдарымен ұштастыру – нақты нәтижеге апарар жол.

CRM CONF 2025 конференциясының толық жазбасын онлайн көруге болады. Шабыт алыңыз, тәжірибе жинаңыз және өз бизнес табысыңызды Битрикс24-пен бірге құрыңыз!