IT-хаб IT саласынан тыс: технологиялар бизнес пен digital-мамандардың дамуына қалай көмектеседі

Көпшіліктің түсінігінде IT-хаб дегеніміз - бағдарламашылар код жазып, стартаперлер идеяларын дамытатын орын. Алайда бұл кең экожүйенің тек бір қыры ғана. Бүгінде IT-хабтар тек IT саласына қатысы бар адамдарға ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерлер, фрилансерлер, маркетологтар, HR-мамандар және жалпы digital мен бизнес саласында еңбек ететін адамдар үшін де тартылыс орталығына айналуда. Қарағанды қаласында орналасқан хаб мысалында, егер сіз IT саласынан алыс болсаңыз да, осындай инфрақұрылымнан қандай пайда алуға болатынын айтамыз.
Қарағандыдағы хаб немен айналысады?
Қазақстанда цифрлық трансформация аясында аймақтық хабтар - мамандар мен жобаларды қолдау және дамытуға арналған кеңістіктер ашылды. Солардың алғашқысы - биыл ашылғанына 4 жыл толған қарағандылық “Терриконовая долина” стартап-экожүйесі болды. Мұнда ұйымдастырушылар кәсіпкерлікті дамыту, технологиялық бастамаларды қолдау және әртүрлі саланың өкілдерін біріктіру бағытында белсенді жұмыс жүргізуде. Осы мақсатта түрлі оқыту шаралары, бизнес бағдарламалар, нетворкинг-сессиялар ұйымдастырылады.
“Хаб - бұл жаңадан бастаушы жас кәсіпкерлер, инвесторлар, корпоративтік серіктестер және өз саласына технологияларды енгізгісі келетін мамандар арасындағы байланыстырушы буын. Сонымен қатар біз мансаптық өсу, кәсіби бағдар, цифрлық білім беру және жастар бастамалары бағыттарын дамытып келеміз”, - деп “Терриконовая долинаның” СЕО-сы Сабир Ниязов айтып өтті.
Бизнеске арналған өсу құралдары
Кәсіпкерлердің көпшілігі цифрландыру, үдерістерді автоматтандыру, онлайн-нарықтарға шығу немесе жаңа аудиторияны табу сияқты мәселелерге жиі тап болады. Мұндай жағдайда хаб кәсіпкерлерге тек қажетті білім беріп қана қоймай, серіктестер, кеңесшілер мен нақты шешімдер табуға көмектеседі.
“Біз жылына үш рет бизнес бағдарламаларын өткіземіз: идеясы бар жаңадан бастаушы жас мамандарға арналған “Инкубатор” және жұмыс жасап жатқан бизнесті кеңейтуге бағытталған “Акселератор”. Әрбір командаға тәжірибелі-ментор трекер бекітіледі, ол оқытуға көмектесіп, кеңес беріп, дұрыс бағыт көрсетеді. Сонымен қатар әр жобаға түрлі салалар мен нарықтардан сарапшылар тартылады, бұл қатысушыларға өз бизнесін жетілдіріп қана қоймай, пайдалы байланыстар орнатуға мүмкіндік береді”, - дейді “Терриконовая долинаның” басқарушы серіктесі Диана Салехова.
Бағдарламаға қатысушылар үш ай ішінде идеядан бастап толыққанды өнімге немесе кеңейтуге дайын бизнес-модельге дейінгі жолды өтеді. Олар гипотезаларды тестілеп, сарапшылар мен әлеуетті тұтынушылардан кері байланыс алады, қаржы, маркетинг және сатылым салаларында жұмыс істеуді үйренеді. Әр жобаға жеке даму бағыты ұсынылады, ал финалда - инвесторлар алдында қорғалып, алғашқы инвестицияларды тарту мүмкіндігі пайда болады.
Мысалы, соңғы бір жыл ішінде “Акселератор” бағдарламасынан өткен он екі стартап “Терриконовая долина” мен Terricon Venture бизнес жебеушілері қауымдастығынан жалпы сомасы 75 миллион теңгеден астам инвестициялар алған.
Фрилансерлерге арналған дағдылар мен байланыс ортасы
Жекелей жұмыс істейтін фрилансерлерге көбінесе қарым-қатынас, қауымдастық және шабыт жетіспейді - бұл олар үшін жақсы таныс жағдай. Мұндайда IT-хаб кәсіби ортаға кіруге мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналады. Лекцияларға, курстар мен конференцияларға қатысу арқылы олар тек өз дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, сонымен қатар клиенттер, серіктестер немесе болашақ жұмыс берушілерді таба алады.
Жақында “Терриконовая долина” IT-хабының базасында BPO-орталығы ашылды - бұл жергілікті фрилансерлер мен мамандарды шетелдік нарықтарға шығуға дайындайтын инфрақұрылым. Мұнда халықаралық жобалармен жұмыс, шетелдік тапсырыс берушілермен қашықтан жұмыс істеу, жергілікті деңгейден шығу жолдары қарастырылған. Орталық құрамында білім беру бағдарламалары, ұйымдастырушылық кеңестер мен менторлық, жұмысқа орналасуға көмек және нетворкинг болады.
“BPO-орталықта маусым айында алғашқы деректерді талдау интенсиві өтеді. Бағдарламаның басты артықшылығы - үздік студенттер курстан кейін бірден Yessen & Company компаниясынан жұмысқа орналасу туралы ұсыныс алуға, халықаралық тапсырыстармен жұмыс істеу мүмкіндігін алады”, - деп “Терриконовая долина” іс-шаралар бөлімінің жетекшісі Ангелина Саратовкина бөлісті.
Digital-мамандар үшін өсу мен шабыт алудың ортасы
IT-хаб тек бағдарламалау ғана емес, жалпы цифрлық ортаға қатысты кеңістік. Мұнда digital-мамандары - маркетологтар, таргетологтар, аналитиктер, дизайнерлер мен контент-менеджерлер тек білім алып қана қоймай, нақты клиенттерді, серіктестік жобаларды, кәсіби өсу мүмкіндіктерін және өздерін сынауға жаңа сын-қатердлерді алады.
“Терриконовая долина” digital-мамандарға арналған іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі. Кез келген адам дизайн мен маркетинг, сайт жасау мен сатылым айналымдары, сәтті жарнамалық кейстерді талдау сияқты тақырыптардағы дәрістерге қатыса алады, сондай-ақ нақты тапсырмаларды бірге шешіп, тәжірибе алмаса алады. Бұдан бөлек, хабта жалға берілетін кеңістіктер бар: коворкингтегі жұмыс орындары, дәрісханалар, подкаст жазу студиясы - идеяларды жүзеге асыруға арналған барлық жағдай жасалған.
IT-хаб -бәріне арналған кеңістік
Бүгінде IT-хаб - бұл тек тар мамандандырылған аймақ емес, кәсіби даму, тәжірибе алмасу және жаңа жобалар жасауға ұмтылатындардың ортақ кеңістігі. “Терриконовая долинаның” ұйымдастырушылары кәсіпкерлер мен фрилансерлерді, маркетологтар мен аналитиктерді, студенттер мен оқытушыларды біріктіретін тірі экожүйе құра алды. Мұнда жаңа бизнес жобалар іске қосылып, идеялар тексеріледі, серіктестік байланыстар орнатылады, нақты мәселелерге шешімдер табылады. Егер сіз қызметкер, трекер, инвестор, жобаңызды дамытуға алаң немесе жай ғана белсенді орта іздесеңіз - хабқа келіп, жергілікті қауымдастықтың бір бөлігі болыңыз.
Ал алдағы іс-шаралар мен жобалардың анонстарын https://terricon.kz/ru/ сайтынан таба аласыз.