IT және digital мамандары Қарағанды қаласында өтетін тегін конференцияға қатыса алады

IT және digital мамандары Қарағанды қаласында өтетін тегін конференцияға қатыса алады

Қазіргі әлем мамандардан терең білімді ғана емес, сонымен қатар тұрақты дамуға дайын болуды талап етеді. Білім алудың жолдарының бір түрі ретінде ол әріптестердің кейстерін талдау және кәсіби қоғамдастықтың бір бөлігі болу. Дәл осындай мақсаттар үшін Қарағандыда бизнес-көшбасшыларын, әзірлеушілер мен стартаперлерін бірлесіп өсу мен тәжірибе алмасуға біріктіретін іс-шара - Неконференция өткізіледі.

 Іс-шара ай сайын өткізіліп тұрады, ал жергілікті “Терриконовая долина” стартап-экожүйесі ұйымдастырушы ретінде танылады. Неконференция қатысушыларға сарапшылардан өзекті тақырыптар бойынша білім алуға, пікірлестерді табуға және технологиялық қоғамдастықтың басқа өкілдерімен ынтымақтастықтың арқасында өз жобаларының дамуын жеделдетуге көмектеседі. Осы айда іс-шара 13 желтоқсан күні өтеді және бір алаңға шақырылған алты сарапшыны, сондай-ақ IT және digital салаларынан өзекті білім алып, практикалық құралдарды талдағысы келетін мамандарды жинайды.

 “Неконференция - бұл идеялармен бөлісуге, стандартты емес шешімдерді табуға және пайдалы байланыстар орнатуға арналған ашық кеңістік. Бұл жерде әрбір қатысушы жаңа біліммен бірге, диалог пен ынтымақтастық бағаланатын қауымдастықтың бір бөлігі бола алады”, - деп Сабир Ниязов бөлісті. 

 Желтоқсан айындағы Неконференцияға ұйымдастырушылар Krisha.kz, QazCode, Snoonu, Meteoro.ai, Set24 және HomeITTech өкілдерін баяндамаларын оқуға шақырады. Дәрістер екі залда бөлініп оқылады: олар бизнес және әзірлеу. 

Бизнес залының спикерлері

Севиль Дарган,  Krisha.kz СРО-сы- “Бастықтар көп болған жағдайда, жобаларды қалай басқаруға болады" тақырыбында дәріс оқиды және стейкхолдерлердің күтулерін басымдыққа қою және жауапкершіліктің нақты құрылымын құру неге маңызды екендігі туралы айтады. Meteoro.ai СЕО-сы Роман Белопольский нейрожелілер мен математиканың көмегімен сатылымды қалай арттыруға болатындығымен бөліседі. Оның ішінде пайдаға әсер ететін көрсеткіштерді, қызметкерлердің өзін-өзі оқыту процесін бастауды және еңбек шығындарын азайтуды талдайды. Set24 негізін қалаушы Айдар Паржанов ІТ-дің вендингтік бизнеске әсері туралы өз компаниясының мысалында айтады.

 Әзірлеу залының спикерлері

Дмитрий Ремезов, “HomeITTech” ЖШС-де ШОБ тестілеу бөлімінің басшысы - “QA: неге сізді жұмысқа алмайды” тақырыбында дәріс оқиды. Ол жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілердің мәселелерін талдайды, сонымен қатар QA мамандарына жұмыс іздеу бойынша кеңестер береді. Qazcode-дағы Software Engineer Зариф Гизатуллин әзірлеудегі трендтерді талдайды, сондай-ақ кіру шегі деңгейі және бағдарламашының жұмысында жасанды интеллектіні қалай пайдалану керектігі туралы айтады. Ал Snoonu-да Middle Frontend Engineer Ислам Капкаев React жобасына дизайн-жүйесін енгізудің маңыздылығын түсіндіріп, тәжірибеден тиісті кейстерді ұсынады. 

 Іс-шараны кофе-брейктің бейресми жағдайында нетворкинг-сессия аяқтайды. Бұл қатысушыларға пайдалы байланыстар орнатуға, идеяларды талқылауға, тіпті жаңа жобаларға серіктестер табуға бірегей мүмкіндік береді.

 Неконференцияға қатысу алдын ала тіркелу бойынша тегін жүргізіледі: https://terricon.kz/ru/neconf  

TSARKA қолдауымен