Қалалық Tabiğat Labs Fest фестивалі 15 қараша күні Алматыда өтеді

Қалалық Tabiğat Labs Fest фестивалі 15 қараша күні Алматыда өтеді

15 қараша күні сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін KazGASA университетінде (Рысқұлбеков көшесі, 28) Tabiğat Labs Fest қалалық фестивалі өтеді. Бұл жарқын іс-шараэкологиялық бастамаларды, шығармашылықты және қала мәдениетін біріктіреді. Кіру тегін, іс-шараға әр жастағы тұрғындар қатыса алады.

Фестиваль Tabiğat Labs бағдарламасының екінші жылғы жұмысының қорытындысын ұсынады. Бағдарлама – 2023 жылдан бері қазақстандықтарды саналы тұтынуға, табиғатты қорғауға және тұрақты дамуға шабыттандырып келе жатқан қаладағы бастамалар коалициясы. Бағдарламаға қатысушылар:Ботаника және фитоинтродукция институтының басқаруындағы Бас ботаникалық бақ, Fading TSE, Act for Impact, Urban Forum Kazakhstan мен ұйымның серіктесі –  «Шеврон» компаниясы.

Биыл бағдарлама қатысушылары воркшоптар мен экскурсиялардан бастап зерттеулер мен кітап клубтарына дейін ондаған іс-шаралар өткізді:

● Urbanitarium Club Astana 2025 жылы Астанадағы 13–17 жастағы 350-ден астам жасөспірімдердің басын қосты. Төрт ай ішінде қатысушылар қазақстандық сарапшылардың жетекшілігімен урбанистика мен экологияның теориялық және практикалық негіздерін меңгеріп қана қоймай, Астана дендропаркі аумағын зерттеп, оның тұрақты дамуының тұжырымдамасын әзірледі. Жас зерттеушілер 9 гектардан астам аумақты қамтитын дендропарктің фаунасын жүйелі түрде бақылап, 4,5 мыңнан астам ағаш түрін, 50-ден астамбұта түрін және 100-ден астам шөптесін өсімдік түрін, соның ішінде Қызыл кітапқа енген Биберштейн қызғалдағын картаға түсірді. Бұл жұмыстың нәтижесінде аудан әкімдігінің қолдауымен парктің навигациялық және экологиялық инфрақұрылымының жаңа элементтері орнатылды: флора жөніндегі материалдары бар ақпараттық стенд және карта-схема, 30 өсімдікке арналған тақтайша мен тозаңдандырушы жәндіктерге арналған 3 «қонақүй».

● Жасыл рейнджер клубы Бас ботаникалық бақта жиналды. Ботаника және фитоинтродукция институтының мамандары қала тұрғындарын өсімдіктерді бақылау және күтіп-баптау әдістерін көрсетті.

● Urbanitarium Almaty – он апталық бағдарлама жасөспірімдерді заманауи урбанистика және экологиялық ойлау қағидаларымен таныстырды. 24 қатысушы қала қалай жұмыс істейтінін және ол табиғи ортаның өмір сапасына қалай әсер ететінін зерттеді. Олар тұрақты көлік қағидаттарын, қоғамдық кеңістіктер мен қауымдастықтардың рөлін, сондай-ақ қоғамдық ортада өнер арқылы экологияға қатыстыпікірді білдіруге болатынын қарастырды. Дизайн-ойлау, шығармашылық күнделік жүргізу, цианотипия және желілік маршруттар секілді тәжірибелер арқылы қатысушылар қала ортасын байқауды, талдауды және қайта пайымдауды үйренді. Универсалды дизайн воркшобы барысында жасөспірімдер мүгедектігі бар адамдарға арналған құралдарды қолданып, қалаортасының қолжетімділігін тексерді. Бағдарлама қорытындысы ретінде олар табиғат аясына шығып, алған білімдерін жеке тәжірибелерімен және қаланың болашағына қатысты көзқарастарымен байланыстырды.

● Экологиялық дизайнға арналған алғашқы шығармашылық марафонда Creathon қатысушыларыпәнаралық топтарда бірігіп, тұрақты, қолжетімді және тұрғындарға қамқор қала ортасын қалыптастыру мақсатында шешімдерді іздеді.

● Ағаш-ескерткіштер жайлы Monumental Trees of Kazakhstan кітабы еліміздегі ең көне ағаштар туралы алғаш рет баяндайды. Архивтегі құжаттар, фотосуреттер және жергілікті тұрғындар берген сұхбаттар арқылы кітап ағаштардың тарихын адамдар мен өңірдің тағдырымен тоғыстыра зерттейді.

● Book Культура қауымдастығы көркем және нон-фикшн әдебиетті көбірек оқуға шабыттандырып қана қоймай, экология, климаттың өзгеруі және тұрақты даму тақырыптарын талқылауға шақырады. Кітап клубы құрылған сәттен бастап 29 кездесу өткізіп, 40-тан астам кітаптарды оқытты. Қауымдастықтағы 180-нен астам қатысушыларды оқу мәдениеті, қызығушылық және табиғат пен планетамыздың болашағына деген шынайы қамқорлық біріктіреді.

● Tabiğat Labs дәрістер алаңы – иллюстратордың суреттері дәрістермен қатар көрсетілетін серия. Мұнда сарапшылар қоршаған орта, мәдениет және экология тақырыптарын қарапайым әрі қызықты түрде баяндайды. Дәрістер алаңы экология ұғымының әдеттегі түсініктен әлдеқайда кең екенін көрсетеді. Бұл — құндылықтар мен өмір салты, қала дамуы мен саясат туралы әңгіме, сондай-ақ әлемді өнер арқылы түсіну жөніндегі ойтолғау. Биылғы маусымда спикерлер қатарында сәулетші және урбанист Әсел Есжанова, эколог Пакизат Сайлаубекова, кинокритик Ораз Керейбаев, зерттеуші Данияр Қосназаров, журналист Михаил Буляков, музыкалық аспап шебері Жолаушы Турдығұлов және басқалар болды.

15 қараша күнгі Tabiğat Labs Fest бағдарламасы:

● Жергілікті брендтер, қолөнер шеберханалары мен тәуелсіз эко-жобалардың жәрмеңкесі 

● Tabiğat Labs дәрістер алаңы – суретшілердің иллюстрацияларымен қатар өтетін тікелей дәрістер

● Балалар мен ересектерге арналған шеберлік сағаттар, ойындар және пікірталастар

● Деректі фильм көрсетілімі

● KazGASA студенттік бэндінің концерті

TSARKA қолдауымен