Қандай депозиттерді және не мақсаттарда қазақстандық отбасылар таңдайды?

Кең көлемді әлеуметтік зерттеу аясында Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ, Қор) мен «Elim» маркетингтік және әлеуметтік зерттеу институты қазақстандық отбасылардың ақша жинауға және депозиттерге қатысты көзқарасын анықтады.
Жаппай сауалнамаға бүкіл еліміз бойынша 4 000 респондент қатысты. Олардың 62%-ы – қала тұрғынлдары, 38%-ы – ауылдықтар.Респонденттердің орта есеппен 80%-ы үйленген немесе күйеуге шыққандар (Астана мен Алматыда олардың үлесі сәл төмендеу – сәйкесінше 70% және73%).
Отбасылы қазақстандықтардың ішінде үштен бірінің (33%) банктерде депозиттері бар, еркектер де әйелдер де депозиттерді бірдей жиі ашады – сәйкесінше – 49% және 51%. Жауап берушілердің 80%-ының теңгелік депозиттері бар – бұл ретте респонденттер жоғары пайыздық мөлшерлемеге (45%), салымнан ақшаны оңай шешіп алу және оны оңай толықтыру мүмкіндігіне (32%), банктегі бейілділік бағдарламасына, оның ішінде бонустарға және карточкадағы кешбэкке көңіл бөледі (11%).
Астаналық және алматылық отбасылардың арасында жинақ ақшалары барлардың үлесі сәл жоғары – шамамен 40%. Ақша жинаудағы ең өзекті мақсаттар – болашақ үшін, оның ішінде күтпеген жағдайлар бойынша «қауіпсіздік көпшілігін» жасау (56%) және жылжымайтын мүлік сатып алу (15%), алматылық және астаналық отбасылы респонденттердің жиынтық 8%-ы депозитті балаларының білім алуына немесе олардың болашағын қамтамасыз ету үшін ашқан. 80%-ының депозиттері теңгемен ашылған.
Бұл мақсаттар өңірлердегі қалалық отбасылар үшін де өзекті болып тұр: 48%-ы ақшаны болашаққа, оның ішінде күтпеген жағдайларға, ал 6%-ы балаларының білім алуына немесе болашағына деп жинайды. 3%-ы – автокөлік немесе басқа да қымбат мүліктер сатып алуға ұмтылады. Респонденттердің 80%-ының ақшалары теңгелік депозитте жатыр.
Жинақ ақшалары бар ауылдық отбасылардың 48%-ы ақшаны болашаққа және күтпеген жағдайларға деп жинайтындығын мәлімдеді, сондай-ақ 13%-ы жылжымайтын мүлік сатып алуға, 4%-ы автокөлік және басқа да қымбат мүліктер сатып алуға, 5%-ы балаларының білім алуына және болашағына деп жинайды. 4%-ының көздегені – бизнесті дамыту.
Бүкіл еліміз бойынша 30 жасқа дейінгі жастардың 70%-ы – үйленгендер немесе тұрмысқа шыққандар. Отбасылы жастардың 34%-ының басқа топтармен қатар банктерде депозиттері бар. Олардың ішінде 53% және 47%-ы – сәйкесінше қала және ауыл жастары. Жастардың 80%-ының ақшалары теңгелік депозитте. Жинақ ақшасы бар жас отбасылар үшін депозитте ақша жинаудағы ең өзекті мақсат – болашақ үшін ақшалай қордың болуы (28%), тосын жағдайлар үшін (22%),жылжымайтын мүлік сатып алу (13%), білім алу немесе білім алуды жалғастыру (4%) және саясахаттау үшін (4%). Сауалнамаға жауап берген отбасылы жастардың 3%-ы ақшаны балаларының болашағына деп жинайтындықтарын атап өткен.
Ақша жинау мақсаттарына қарамастан, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры жеке тұлғалардың депозиттеріне, оның ішінде банк карточкаларындағы немесе шоттарындағы ақшаларына кепілдік береді. ҚДКБҚ максималды кепілдік сомасы депозиттің түрі мен валютасына тікелей тәуелді және ол:
• теңгедегі жинақ салымдар бойынша – 20 миллион теңгені,• теңгедегі жинақ салымдардан басқа карточкалар, шоттар және депозиттер бойынша – 10 миллион теңгені,• шетел валютасындағы салымдар, карточкалар және шоттар бойынша – 5 миллион теңгені құрайды.
Еске саламыз, депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы әрбір банктегі депозиттер өз алдына бөлек қорғалған. Егер салымшының бір банкте әртүрлі бірнеше депозиті және солардың арасында жинақ салымы да бар болса, ҚДКБҚ жиынтық кепілдігі салымшының әрбір салымы бойынша белгіленген максималды кепілдік сомасын ескере отырып есептеледі және ол 20 млн теңгеден асырылмайды.