Қарағанды қаласындағы Неконференция: IT және digital мамандарына арналған дәрістер мен нетворкинг

Қарағанды қаласындағы Неконференция: IT және digital мамандарына арналған дәрістер мен нетворкинг

27 ақпан күні Қарағандыдағы IT-хабта кезекті Неконференция өткізіледі. Бұл іс-шараның форматы дәстүрлі бизнес форумдар туралы стереотиптерді өзгертеді . Ұзақ баяндамалардың орнына - динамикалық баяндамалар, қызықсыз теорияның орнына - IT және бизнес саласының жетекші сарапшыларының практикалық кейстері күтеді. Іс-шараның аяқталуы қатысушыларға байланыс контактілерімен алмасуға және бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндіктерін талқылауға мүмкіндік беретін бейресми жағдайдағы нетворкинг сессия болады.

Ақпан айында өткізілетін Неконференция деректерді әзірлеу, талдау, финтех, жасанды интеллект және медиа саласындағы мамандарды біріктіреді. Бағдарламада дәрістер, пікірталастар және технологиялар мен басқару стратегиялары шынайы бизнес-мәселелерін шешуге қалай көмектесетіні туралы мысалдар бар.

“IТ-хабтағы Неконференция бірінші рет өткізіл жатқан жоқ, бұл ай сайын тұрақты түрде өткізілетін іс-шара. Бұл жолы әдеттегі 6 спикердің орнына 8 спикер өз дәрістерін оқиды. Біз бағдарламаға көп практикалық кейстер мен өзекті тақырыптарды қосу арқылы кеңейттік, осылайша қатысушылар сарапшылармен қарым - қатынас құрудан барынша пайда алады”, - деп “Терриконовая долина” event-бөлімінің басшысы Ангелина Саратовкина мәлімдеді.

Бизнез залынжа Founder in ITCOMMS, Director of Public Relations in EA Group Holding Александр Лихтман, Қарағанды қаласының Сарыарқа әуежайы директорлар кеңесінің төрағасы Ерлан Оспанов, CTO at AI TIDAAR Даулет Ерманов, Kettik group медиахолдингінің СЕО & founder-і Бакдаулет Исаев өз баяндамаларын оқиды. Өз кезегінде Александр стартаптарға ең аз бюджетпен PR-науқанды қалай құру жолдарын айтып береді, ал Ерлан көшбасшылық пен команда құрудағы құндылық тарапынан көзқарасын талдайды, Даулет корпоративтік процестерде AI-ді енгізу туралы айтып берсе, Бакдаулет медиа-экожүйені қалай құру және контентті монетизациялау туралы талдайды.

Әзірлеу залының спикерлері Software Engineer at Evita Pay Inc. Аслан Ахметов, Senior analyst at Kazakhmys Corporation Камила Жанахмет, ForteBank DS Team lead-і Бота Абдаримова және ForteBank DS директоры Мадияр Хамзанов болады. Аслан өз баяндамасында қатысушылар LLM көмегімен финтехтегі бизнес-процестерді қалай автоматтандыруды айтып береді. Камила аналитикадағы қателіктер мен олардың әкелетін шығындарды талдайды. Ал Бота мен Мадияр корпоративтік банкингтегі АІ-ді әзірлеу деңгейлері тақырыбын

Неконференция  - бұл жаңа технологиялармен жұмыс істейтін және сұранысқа ие өнімдерді жасайтын адамдардан инсайттарды алудың мүмкіндігі. Бұл жерде қажет емес артық ақпарат пен формальді сөз сөйлеу болмайды - тек шынайы тәжірибе, қателіктер, жетістіктер және күтпеген шешімдер.

Іс-шараға офлайн және онлайн форматында тегін қатысуға болады. Төмендегі сілтеме бойынша алдын ала тіркелу жүргізіледі: https://share.kz/gmrX

TSARKA қолдауымен