Қарағанды қаласының кәсіпкерлерін және әзірлеушілерін тегін конференцияға қатысуға шақырылады

29 қаңтар күні Қарағанды қаласындағы IT және бизнес саласының кәсіпкерлерін, әзірлеушілерін және сарапшыларын біріктіретін ай сайын өткізілетін бірегей іс-шара - Неконференция өткізіледі. Қатысушылар әріптестерінің кейстерін талдай алады, бизнес пен әзірлеудің өзекті тақырыптары бойынша пікір бөлісе алады, сондай-ақ кәсіби танысу аясын кеңейте алады.
Қарағанды қаласының стартап-экожүйесі “Терриконовая долина” ұйымдастырушы ретінде белгіленді. Неконференцияның бағдарламасында стартаптар мен ірі компаниялардың шақырылған спикерлерінің баяндамалары қарастырылған. Қатысушылардың жанды қатысымына ерекше назар аударылады: спикерлерге сұрақтар қоя алады, кәсіби тұрғыда тап болған сын-қатерлерді талқылай алады және кофе-брейк кезінде байланыс контактілерімен алмасу мүмкіндігі болады.

Қаңтар айында өткізілетін Неконференцияның спикерлерінің баяндамалары дәстүрлі түрде екі залға бөлінеді: бизнес және әзірлеу. Өз дәрістерін ұсынатын сала көшбасшыларының дәрістері ақпараттық, сондай-ақ жігерлендіретініне уәде береді.
Әзірлеу залының спикерлері
Расул Айтбаев, Head of RedTeam:
Дмитрий Бузулуцкий, iOS Engineering Manager Altel Digital:
Александр Мезин, ҚБТУ мультимедиялық технологиялар орталығының директоры:
Бизнес-залының спикерлері
Бекарыс Қаби, PM at TSARKA:
Бақдәулет Исаев, Kettik group медиахолдингінің СЕО & founder-і,:
Асем Болатжан, “Қазпошта” АҚ басқарушы директоры, “ІТ-дегі мансаптық өсу” тақырыбында дәріс өткізеді. Спикер қазіргі еңбек нарығындағы өмір сүру дағдыларымен бөліседі, жеке брендтің команданы басқарудағы әсері және тапсырмаларды бағалау мен командаларды үйлестіру тәсілдерін талдайды. Сондай-ақ Асем әйелдерге ІТ-де қалайша жұмыс істелініп жатқандығы және кәсіби өсуге қандай перспективалар бар екендігімен бөліседі.
Қалай тіркелуге болады?
Неконференцияға қатысу тегін, офлайн немесе онлайн форматта қосылуға болады. https://share.kz/gkGv сілтемесі бойынша тіркелу жүргізіледі.