Қарағандыда RoboLand 2025 аяқталды — ТМД-дағы ең ірі робототехника фестивалі

Қарағандыда RoboLand 2025 аяқталды — ТМД-дағы ең ірі робототехника фестивалі

Қарағанды облысы робототехника бойынша екі күн бойы шахтерлер астанасында өткен чемпионатта тағы да үздік нәтиже көрсетті. Аймақ командалары жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді. Екінші орын — Қостанай облысының өкілдерінде, ал үшінші орынды Өзбекстан Республикасынан келген қатысушылар жеңіп алды. Жеңімпаздар түрлі дәрежедегі дипломдар, медальдар және болашақта бағдарламалау мен модельдеуді дамытуға көмектесетін пайдалы сыйлықтарға ие болды.

Қарағанды оныншы рет әлемнің әртүрлі елдерінен келген үздік робототехниктерді қабылдады. Олар робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар бойынша мерейтойлық халықаралық фестиваль — «RoboLand 2025» аясында бас қосты.

Бұл — Қазақстандағы білім беру робототехникасына арналған алғашқы және ең ірі жоба, техникалық шығармашылық пен жаңа технологиялар бойынша ең ауқымды форум. Ол — жас инженерлер мен конструкторлардың тәжірибе алмасу алаңы және білім беру робототехникасы бойынша өзекті мәселелерді талқылауға арналған ашық диалог алаңы.

Өткен тоғыз фестивальге Италия, Сербия, Греция, Польша, Грузия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстаннан шамамен жеті мың команда қатысты.

12 мыңнан астам қатысушы жарысты «Жастар» спорт кешенінің алаңдарында өткізді. Жыл сайын фестивальге үш мыңнан астам көрермен келсе, қалғандары онлайн трансляция арқылы жарысты бақылауға мүмкіндік алды. Он жыл ішінде фестиваль қатысушылар географиясын да, командалар санын да кеңейтіп, жастар арасында техникалық шығармашылықты насихаттауда маңызды алаңға айналды.

Жыл сайын RoboLand ауқымын кеңейтіп, бәсекелестік деңгейін арттыруда. Биыл фестиваль алаңында 362 команда құрамындағы 750 қатысушы (жаттықтырушыларды есептемегенде) бақ сынады. Алғаш рет Болгария мен Ираннан қатысушылар келді. Жаңа жарыс санаттары да пайда болды.

Жеңімпаздар санаттар бойынша:

  • ROBOT MOUSE санатында Теміртау қаласындағы «Дельфинчик» балабақшасының жас бағдарламашылары үздік атанды.
  • Fischertechnik санатында — Осакаровка кентіндегі №9 гимназия базасындағы тірек мектептің BitRobotics командасы.
  • Шығармашылық жобалар санатында — Қарағанды облысы Нұра ауданы Тассуат ауылы Р.Қошқарбаев атындағы мектептің «Тассуат» командасы және Өзбекстаннан келген «Start Up» командасы.

Сонымен қатар:

  • «Садақ ату» — Семей қаласы №15 мектептің RoboSoul командасы.
  • Жұптық теннис — Қарағанды қаласы К.Нұржанов атындағы гимназияның «Гроза» командасы.
  • Футбол — Орал қаласындағы «Сәулет» мектеп-лицейінің SauletML командасы.
  • Кегельринг-квадро — Астана қаласы №8 мектеп-лицейінің RoboCom командасы.


Кедергілер жолағы бойынша ең жылдам — Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Ростовка ауылындағы тірек мектептің командасы.

Лабиринттер бойынша — Жамбыл облысы Мерке ауылындағы Т.Қожакеев атындағы №39 мектеп-гимназиясының «Ұлыдала» командасы және Өзбекстаннан келген «Steam Land 2» командасы.

Су роботтарының лабиринті — Сарань қаласы №1 мектеп-лицейінің «Тұлпар 3» командасы.

«Үлкен саяхат» — Қарағанды қаласындағы М.Жұмабаев атындағы гимназия үздік атанды.

Roboland-Kazakhstan — Көкшетау қаласынан келген «Джон Сина» командасы.

Квадрокоптерлер — Теміртау қаласындағы «Baymax» жеке робототехника үйірмесінің Baymax командасы.

«Робогеометрия» — Өскемен қаласындағы және Қарағанды облысы Ростовка ауылындағы RoboVALLI командалары.

3D-прототиптеу — Қостанай қаласындағы А.М.Горький атындағы гимназия командасы.

Фестиваль жыл сайын техникалық дағдыларды дамытқысы келетін жас буын үшін шабыт пен мотивация көзіне айналып келеді.

TSARKA қолдауымен