Қарағандыда “Терриконовая долина” бизнес-періштелер клубы ашылды
Операциялық шығындарды жабуға қаражаттың болмауы - нарыққа пайдалы идея болғанның өзінде көптеген стартаптардың “күйіп кетуінің” басты себептерінің бірі болып табылады. Жағдайды түбегейлі өзгерту үшін Қарағанды қаласында бизнес-періштелер клубы - перспективалы жобаларды қолдау үшін өз ресурстарын біріктіретін тәжірибелі кәсіпкерлер мен инвесторлар қауымдастығы ашылуда. Көмір астанасында алғаш рет іске асырылып жатқан бастама жас кәсіпкерлерге ғана емес, қаланың барлық экономикалық экожүйесін дамытуға бағытталған.
Осы клубтың құрылуында “Терриконовая долина” ІТ-хабы шешуші рөлді атқарды. Бұл жерде кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға және инновацияларды қолдауға бағытталған тегін бизнес-бағдарламалар тұрақты негізде өткізіледі. Осы бағдарламаларды жүзеге асыра отырып, ұйымдастырушылар көптеген болашағы бар жобаларға маңызды элементтердің бірі - инвестициялардың қолжетімділігі жетіспейтінін байқады. Дәл осы қажеттілік оларды бизнес-періштелер клубын құруға итермеледі.
Бұл қалай жұмыс істейді?
Бизнес-бағдарламалар аясында стартап командалары сараптамалық қолдау, трекерлік сүйемелдеу алады және инвестициялық сұратым ресімдейді. Питчинг-сессияларында стартаперлер әлеуетті инвесторларға өз жобалары мен сұрауларын ұсынады. Питчинг барысында бизнес-періштелер жобаларды бағалайды және IT-хабпен бірге инвесторлар тобын (синдикат) құра отырып, табыстарына сенетін және қаражат бөлуге дайын жобаларды таңдайды. Бірлескен инвестициялар стартаптарға қаржылық тұрақтылық пен өсу мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, тәуекелдерді азайтуға және ең перспективалы бастамаларды қолдауға мүмкіндік береді.
“IT әлемінде тіпті салыстырмалы түрде шағын қолдау сомасы жоба кірісінің он есе өсуін қамтамасыз ететін жағдайлары да жиі кездеседі. Ал біздің клуб стартаптарға тек қаржылық ресурстарға ғана емес, сонымен қатар сараптамалық қолдауға да қол жеткізуге мүмкіндік береді”, - деп Terricon Venture жеткешісі Денис Скоморохов атап өтті.
Қаржыландыру “Терриконовая долинамен” бірлескен серіктестікте жүзеге асырылады, бұл инвесторлар мен стартаптардың мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді. Мұндай ынтымақтастық инвесторлар үшін тәуекелдерді айтарлықтай төмендетеді және негізгі қолдауға ие болған және өз әлеуетін дамытатын жете таңдалған жобаларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Перспективалары және болашағы
Бизнес-періштелер клубының ашылуы заманауи технологиялар мен кәсіпкерлікке сүйене отырып, қалалық және аймақтық экономикадағы ауқымды өзгерістердің катализаторы болуына уәде береді. Клубтың ұйымдастырушыларының айтуынша, бұл Қарағандыға өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және болашақта тұрақты экономикалық өсу үшін берік негіз қалауға мүмкіндік береді.